Елордада жыл басынан бері 8 бала терезеден құлап кеткен

02 мамыр 2022, 11:25

Елордада жыл басынан бері балалардың терезеден құлауы бойынша сегіз жағдай тіркелді. Сондықтан полицейлер ата-аналарға негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Қалалық ПД баспасөз қызметі атап өткендей, жазатайым оқиғалардың басым бөлігі ата-аналардың балалар қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауына байланысты орын алады. Бала ересектердің көзі тайғанда әрі терезе ашық болған жағдайда қауіп-қатерге бас тігу ықтималдылығы өте жоғары.

Бала терезеден құлап кетпесі үшін мыналар ұсынылады:

- егер үйде бала болса, терезелерді ашық ұстамаңыз. Қасында екенмін деп баланы көзден таса қалдыруға болмайды, бір-екі секунд та баланың қатерге бас тігуіне жеткілікті;

- ешқашан москит торларға сенім артпаңыз, балалар көбіне содан ұстаймын деп құлап кетеді;

- бала терезені өз бетінше аша алмайтындай етіп терезелерге арнайы қорғаныс бекіткіштерін орнатыңыз;

- барлық жиһазды терезеден алыс қойыңыз, бұл баланың терезе алдына өздігінен шығуына мүмкіндік туғызбайды.