Елордада карантин күшейтілуі мүмкін

22 желтоқсан 2021, 17:46

15 желтоқсаннан бастап елорда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының "жасыл" аймағында тұр. Бірақ өткен аптада Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекцияcын жұқтырғандар саны артты

Нұр-Сұлтан тағы да коронавирус инфекцияның таралу көрсеткіші бойынша "сары" аймаққа өтуі мүмкін. Санитар дәрігерлер шамалы өсім болғанын жеткізді. Жақында карантинді күшейту шараларын қолдану туралы түпкілікті шешім белгілі болады.

15 желтоқсаннан бастап елорда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының "жасыл" аймағында тұр.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бүгінде коронавирус инфекциясының даму қарқыны бойынша Нұр-Сұлтан қаласында репродуктивті сан RT-0,993-ке жеткенін хабарлады. 1,0 көрсеткішіне өте жақын, одан асып кеткен жағдайда қала "сары" аймаққа көшеді. RT репродуктивті саны коронавирус таралуы бойынша аймақтарға бөлу талаптарының бірі болып саналады.

"17 желтоқсанда 532 жағдай, 18 желтоқсанда - 536, 19 желтоқсанда - 521, 20 желтоқсанда - 545 және 21 желтоқсанда аптасына 552 жағдай тіркелген. Ауруға шалдығу көрсеткішінің өсуі байқалады, соның есебінен Rt-саны артуда. Елорда бір апта бойы "жасыл" аймақта болды, қосымша жеңілдіктер енгізілуі керек еді. Алайда тұрақсыз ахуалды ескере отырып, мерекеден кейін эпидемиялық жағдайды тағы екі күн бақылау жоспарлануда. Егер коронавирус инфекциясын жұқтыру азайса, карантин шаралары жеңілдетіледі", - делінген хабарламада.

Дәрігерлер бетперде режимі мен арақашықтықты сақтап, адам көп жиналатын жерлерге бармауға кеңес берді.

sputnik.kz