Ел жаңалықтары

Елордада карантин талаптарын бұзған 9 мекеме анықталды

  • Елордада карантин талаптарын бұзған 9 мекеме анықталды

    Елордада карантин талаптарын бұзған 9 мекеме анықталды

Елорданың мониторингтік топтары бірнеше ай бойы тәулік бойы жұмыс істеп, қаланың кәсіпкерлік нысандарында карантин талаптарының сақталуын тексерді. Өткен тәулікте 9 мекемеде шектеу шараларының сақталмағаны тіркелді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

 Өткен тәулікте, 16 қыркүйекте мониторингтік топтар қаланың 9 кәсіпкерлік объектісінде бұзушылықтарды анықтады.

Сарыарқа ауданындағы «Good Game» ойын клубы карантин талаптарын елемеген. Байқоңыр ауданында орналасқан «Панаехали» барында да шектеу шаралары сақталмады. Алматы ауданында «F16-ZEINE» кафесі жұмыс режимін бұза отырып жұмыс істеді.
Есіл ауданында карантин бұзушылар тізіміне 6 қоғамдық тамақтану орындары кірді: «Khan El Khalili» кафесі, «INCOGNITO» караоке-бары, «LOTO CLUB» клубы, «Tequila» бары, «Bariton» бары және «Панаехали» кафесі.

Тәртіп бұзушыларға қатысты барлық жиналған материалдар тиісті әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

Айта кету керек, COVID-19-бен ауырғандар санының төмендеуіне қарамастан, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуалды бағалау бойынша «қызыл» аймақта қалып отыр. Сондықтан елорда тұрғындары мен қонақтары бетперде кию режимін, әлеуметтік қашықтықты, қол гигиенасын қатаң сақтауы тиіс. Азаматтар өздерінің және айналасындағылардың денсаулығын сақтау үшін коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуі керек, өйткені вакцинамен иммундау қауіпті вируспен күресудің жалғыз тиімді әдісі болып табылады.




Көрілген: 543    Пікірлер: 0

жұма, 17.09.2021, 23:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31