Ел жаңалықтары

Елордада күндізгі стационар мен жоспарлы емге жатқызу тоқтатылды

  • Елордада күндізгі стационар мен жоспарлы емге жатқызу тоқтатылды

    Елордада күндізгі стационар мен жоспарлы емге жатқызу тоқтатылды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг барысында елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов хабарлады. Аурудың өсуіне байланысты қалалық ауруханаларды инфекциялық ретінде қайта бейімдеуге тура келген.

Сондай-ақ ол күндізгі стационар мен жоспарлы емдеуге жатқызуды тоқтата тұруға мәжбүрміз деп отыр.

"22 шілде бойынша инфекциялық стационарларда 2 556 науқас жатыр, оның ішінде КВИ-ге шалдыққандар 2 270 адам, пневмониямен 286 науқас ем қабылдауда. Осылайша жүктеме 72%-ды құрап отыр", - деді басқарма басшысы.


Аурудың өсуіне байланысты қалалық ауруханаларды инфекциялық ретінде қайта бейімдеуге және әзірге күндізгі стационардың жұмысын, жоспарлы емдеуге жатқызуды тоқтатуға тура келеді. Осылайша, басқа медициналық клиникаларда түрлі профильдер бойынша науқастарды ауруханаға жатқызу жүктемесі сезіледі.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы коронавирустық инфекциямен ауыратындардың саны күн сайын артып келе жатқандығын айтты. Салдарынан төсек санын көбейтуге және адами ресурстарды ұлғайтуға мәжбүрміз дейді. Мәселен, өткен тәулікте 333 адам жатқызылған.

Бар инфекциялық төсек-орынның 1 006-ы ғана бос көрінеді, оның ішінде 62 реанимациялық төсек-орын. Оның айтуынша, стационарлардың төсек қуаттылығы 3 562 төсекті құрайды. Қазіргі уақытта КВИ күресуге 16 инфекциялық стационар тартылған.

Baq.kz




Көрілген: 610    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.07.2021, 12:29

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30