Ел жаңалықтары

Елордада су басу қаупі бар 29 учаске анықталды

  • Елордада су басу қаупі бар 29 учаске анықталды

    Елордада су басу қаупі бар 29 учаске анықталды

Нұр-Сұлтан қаласы Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Сыздықов су тасқынының алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлім етті. Оның айтуынша, қазір елордада су басу қаупі бар 29 учаске анықталды. Бұл көрсеткіш 2020 және 2019 жылдармен салыстырғанда 8 учаскеге азайды.

 
«2020 жылдың қазан айынан бастап су тасқыны кезеңін өткізуге дайындық бойынша кешенді жұмыс басталды. Аудандық комиссиялардың дербес құрамы бекітілді. Қаланың барлық тұрғын алаптары - оның ішінде Ильинка, Өндіріс, Көктал-1, Көктал-2, Железнодорожный, Пригородный және Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптары есепке алынды. Су тасқыны қаупі бар 29 учаскеде азаматтық қорғау органдарының тобы тұрақты дайындыққа келтірілді, сондай-ақ құрамында 200-ге жуық адам бар коммуналдық қызметтердің күштері мен құралдары, 130-дан астам техника және 20-дан астам өрт сөндіру сорғы станциялары бекітілген», - деді спикер.
Қазір Есіл өзені мен Сарыбұлақ арнасының жағалауын нығайту, түбін тереңдету және түзету, Майбалық көлінен Нұра-Есіл арнасына дейін су бұру каналын орнату жұмыстары жалғасып жатыр.




Көрілген: 153    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.04.2021, 16:25

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31