Елордада террористік қауіптің жоғары "қызғылт сары" деңгейі жойылады

26 қаңтар 2022, 23:23

Елордада 27 қаңтардан бастап террористік қауіптің жоғары "қызғылт сары" деңгейі жойылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 "Терроризммен күрес жөніндегі штаб Нұр-Сұлтан қаласындағы жағдайдың тұрақтанғанын хабарлайды. Қабылданған шешімге сәйкес, қала аумағында 27 қаңтар сағат 00:00-ден бастап террористік қауіптің жоғары "қызғылт сары" деңгейі жойылады", - делінген хабарламада.
Штаб күш құрылымдарының бөлімшелері штаттық жұмыс режиміне көшкенін хабарлады. Терроризммен күрес жөніндегі штаб азаматтарға түсіністік пен азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін алғыс айтты.