Ел жаңалықтары

Елордада «Ұлы дала және Қазақ мемлекеттілігі: жаңаша ой мен тың көзқарас» конференциясы өтті

Бүгін Елбасы кітапханасында «Ұлы дала және Қазақ мемлекеттілігі: жаңаша ой мен тың көзқарас» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тарих тұрғысынан 30 жыл &ndash азғантай ғана мерзім. Алайда соңғы үш ғасырда саяси, әлеуметтік-мәдени қысымда өмір сүрген Қазақстан үшін 30 жыл ұлттық идеяны жаңғыртудың, тәуелсіз мемлекетті тұрғызудың межесіне айналды. Негізін 1990 жылдары Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев бастаған жауапты істі бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қисынмен жалғастырып келеді», - дейді Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың кандидаты Бақытжан Темірболат.

Оның айтуынша, отарлық кезең мен кеңес дәуірі тұсында ұлтымыздың тарихы зерттелмей, шежіреміздің ұмытылғаны рас.

«Қазақ халқының тарихын алғаш зерттеуге бел буған Ермахан Бекмаханов, Бекежан Сүлейменов сынды білікті мамандарымыздың ізденістері қуғын-сүргінмен аяқталып жатты. Түп тамырымыз бен өткен күннің оқиғаларын ашық зерттеуге тәуелсіздік қана мүмкіндік берді. «Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр» деген Елбасымыз да өткенін жақсы білмейтін адамның болашаққа нық қадам баса алмайтынын нұсқады. Идеологияның өзегі ретінде ұлт тарихы жан-жақты терең зерттелуі тиіс. Осы тұста ұрпаққа аманат етілген мемлекеттің өткенін зерделеп, Ұлы дала зиялыларының өмірі мен мұрасын насихаттау &ndash біздің азаматтық әрі адамзаттық борышымыз», - дейді ол.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті &ndash Елбасы кітапханасы және ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты ұйымдастырды. Сондай-ақ, іс-шараға отандық және шетелдік тарихшы ғалымдар, ЖОО оқытушылары, докторанттары мен магистранттары қатысты.




Көрілген: 512    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.02.2021, 21:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30