Ел жаңалықтары

Елордада вирусқа шалдыққан екі науқастың жағдайы ауыр

  • Елордада вирусқа шалдыққан екі науқастың жағдайы ауыр

    Елордада вирусқа шалдыққан екі науқастың жағдайы ауыр

Астаналық дәрігерлер коронавирустық инфекция жұқтырған науқастардың жағдайымен бөлісті. Белгілі болғандай, олардың екеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Астаналық денсаулық сақтау басқармасында мәлім еткендей, соңғы екі күнде Нұр-Сұлтан аумағында коронавирус жұқтырудың 47 жаңа оқиғасы тіркелген.

Оның алтауы мониторинг процесі барысында анықталған: біреуі – шетелден келсе, қалған бесеуі – онымен байланыста болған.

Қазіргі уақытта дәрігерлер екі науқастың жағдайын тұрақты ауыр деп бағалауда. Олар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Науқастар хаттамаға сәйкес ем алуда.

Еске сала кетейік, елорданың денсаулық сақтау басқармасы онлайн-брифинг барысында бұған дейін коронавирусқа шалдыққан он науқастың бүгін стационардан шығарылатынын мәлімдеген еді.

Содан соң олар екі апта бойы үйлерінде карантинде жатады. Айта кетейік, стационардан шығару туралы шешім қабылданбас бұрын науқастар екі рет тексеруден өткізілді.

Сондай-ақ жедел штаб өкілдері келтірген соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанның екі ірі қаласында коронавирус жұқтырудың тағы 11 оқиғасы анықталды.

 
 

Жаңадан анықталған 11 оқиғаның оны – Нұр-Сұлтанда және біреуі – Алматыда тіркелген.

Осылайша, Қазақстан бойынша COVID-19 инфекциясы 204 адамнан анықталып отыр.

 

 




Көрілген: 221    Пікірлер: 0

сенбі, 28.03.2020, 14:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31