Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Елордадағы екі көшеде Bus Lane қайта іске қосылады

27 шілде 2022, 20:17

27 шілде күні сағат 15:00-де Тұран даңғылы мен Қабанбай батыр көшесі бойындағы автобус жолағының қозғалысы қайта іске қосылды.
 
 
Бұл туралы  Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлайды. 

Елордалық цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы мәлім еткендей, бүгін, 27 шілде күні сағат 15.00-де М-1 көпіріндегі жол төсемінің жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты Тұран даңғылы мен Қабанбай батыр көшесі бойындағы автобус жолағының қозғалысын тіркеу қайта басталады. 

Еске сала кетейік, жөндеу жұмысына байланысты Бауыржан Момышұлы даңғылынан бастап Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айырымына дейінгі аралықта көлік қозғалысы уақытша жартылай жабылған болатын. 

Қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін осы аралықта Тұран даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінде Bus Lane қозғалысы өшірілді.

 baq.kz