Елордадағы жаңа көпірдің суреттері жарияланды

08 тамыз 2022, 20:22

Нұр-Сұлтанда Ұлы Дала даңғылы бойындағы жаңа көпірдің суреттері жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жаңа көпірде көлік қозғалысы бүгін, 8 тамызда ашылды. Суреттерді "Астана - Что? Где? Когда?" Telegram-арнасы жариялады.

Қазір көпірді, оның ішінде жаяу жүргіншілер бөлігін абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ұлы Дала даңғылы бойындағы көпір Мәңгілік Ел даңғылы, Байтұрсынов, Қошқарбаев, Нәжімеденов көшелері, Nova City ауданы, "Мыңжылдық" аллеясы бойындағы көлік жүктемесін азайтады. 

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, Тәуелсіздік даңғылының бойында Есіл өзені арқылы өтетін тағы бір автокөпір 2023 жылы ашылады.