Ел жаңалықтары

Елордадағы жарылыс кезінде мерт болған қыздың отбасына көмек көрсетіледі - Көлгінов

  • Елордадағы жарылыс кезінде мерт болған қыздың отбасына көмек көрсетіледі - Көлгінов

    Елордадағы жарылыс кезінде мерт болған қыздың отбасына көмек көрсетіледі - Көлгінов

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов газ баллон жарылысынан қайтыс болған қыздың отбасына көмек көрсетілетінін айтты. Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Газ баллон жарылған кезде бөлмеде болған қыздың отбасы мен туыстарына көңіл айтамын. Марқұмның отбасына көмек көрсетіледі. Төтенше жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. Жедел штаб құрылып, психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету үшін жедел желі 24-51-71, 24-51-47 құрылды", - дейді ол желідегі жазбасында.

 
Қала басшысы төтенше жағдайлар департаменті мен полиция департаментіне қаладағы басқа да қоғамдық тамақтану нысандарын өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырғанын айтты. 

Еске салсақ, бүгін сағат 12.25-те Нұр-сұлтан қаласы ТЖД кезекшілік-диспетчерлік қызметінің пультіне Шұбар шағын ауданындағы кафеге қайта жабдықталған коттеджде газ баллонының жарылғаны туралы хабарлама келіп түскен болатын. Оқиға салдарынан бір қыз қайтыс болды. Сондай-ақ 30-дан аса адам жарақат алған.




Көрілген: 210    Пікірлер: 0

сенбі, 21.11.2020, 17:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31