Ел жаңалықтары

Елордағы мектептердің бірінде оқушыларға дәретханада екпе салған: Ақпарат ата-аналарды шошытты

  • Елордағы мектептердің бірінде оқушыларға дәретханада екпе салған: Ақпарат ата-аналарды шошытты

    Елордағы мектептердің бірінде оқушыларға дәретханада екпе салған: Ақпарат ата-аналарды шошытты

Әлеуметтік желілерде Елорда мектептерінің бірінде ата-аналардың бас тартуына қарамастан балаларға жасырын екпе салды деген ақпарат тарауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Автордың айтуынша, оқушылардың біріне дәретханада вакцина салынған.
Желіде бас қаладағы мектептердің бірінде оқушыға екпе салып жатқаны, ал мұғалімдер мен дәрігерлер бейнетүсірілімге кедергі келтірген видео пайда болды. Бейнежазба авторы білім мекемесінің спорт залына баса көктеп кіреді.
Оның қасында дәрігер де болған көрінеді. Видео авторының айтуынша, мектеп медбикелері оларды тоқтатып, балаға қарай жібермеген.
Мектеп басшысының айтуынша, білім ордасына белгісіз үш әйел келіп, директормен кездесуді сұраған. Үшеуі де бастапқыда өздерін оқушылардың анасымыз деп таныстырыпты. Сондай-ақ олар әлеуметтік желідегі парақшаларында "үшінші сынып оқушысына дәретханада укол салды" деген жалған ақпарат таратқан.
"Ешқандай "Ашық" арқылы кірмей, без маска, конституцияда ондай заң жазылмаған деп үлкен дау-дамай туғызып, ешкімді тыңдамай, талаптарды орындамай мектепке баса көктеп кіріп, тікелей түсірілім жүргізе бастаған. Бұл бойынша біз Нұр-Сұлтан қаласы департаментінің полиция бөліміне өтініш түсірдік. Іс әрі қарай құзырлы органдарда қаралатын болады”, – дейді мектеп директоры Самал Нұғманова.
Ал бейнежазбадағы бала - 9-сыныптың оқушысы. Дәлізде талықсып тұрған оған алғашқы көмек көрсетілген. Баланың ата-анасының айтуынша, таңнан бері нәр татпағандықтан көзі қарауытып, бала әлсіреп қалған. Қазір жағдайы жақсы, сабағына барып жүр дейді.
"Мына 5-поликлиникаға барып анализ тапсырдық. Баланың жағдайы бәрі жақсы. Ештеңесі жоқ. Ешқандай екпе салынған жоқ. Денесін өзім тексердім”, – дейді баланың әкесі Марат Сыздықов.
Мұғалімдердің айтуынша, бала өзін видеоға түсірмеуді сұраған. Бірақ мектепке ентелеп кіргендер оқушының бұл өтінішін елеген жоқ дейді. Ал екпе салынатын жағдайда міндетті түрде ата-анасының немесе ресми өкілдерінің рұқсаты алынады.




Көрілген: 744    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.10.2021, 21:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 22:42
    Арон Атабек көз жұмды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30