Ел жаңалықтары

Елордалық көп балалы аналар халықты вакцина салғызуға шақырды

  • Елордалық көп балалы аналар халықты вакцина салғызуға шақырды

    Елордалық көп балалы аналар халықты вакцина салғызуға шақырды

Нұр-Сұлтанның әлеуметтік қызметкерлері, көп балалы аналар қазақстандықтарды вакцинациядан өтуге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Strong mothers" (Мықты аналар) қорының қызметкерлері көп балалы және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналармен жұмыс істейді. Қиын күндері әкімдіктің қолдауымен жалғыз басты аналарға және халықтың өзге де осал топтарына жан-жақты көмек көрсетеді. Олар қазіргідей жаппай вакцинация кезінде екпе алып, иммундаудан өтуге шақырды.

"Біздің қор көп балалы, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдаумен айналысады. Оқу орталығында балаларға ағылшын тілін, шахмат, домбыра, гитара ойнауды, ментальді арифметика, робототехника және өзге де көптеген нәрселерді үйретеміз. Елорда әкімдігіне біздің қорғап, қолдау көрсеткені және жалпы әлеуметтік осал отбасыларды қолдағаны үшін алғыс айтқым келеді. Олардың көмегінің арқасында балаларымыз күлімсіреп сабағына барып, оқуға мүмкіндік алды. Әрине, елімізге ғана емес бүкіл әлемге пандемия қиындық тудырып тұрғанда шетте қалмай, вакцинациядан өту туралы шешім қабылдадық. Өзіміз үлгі көрсетіп, жақындарымызды қорғағымыз келеді. Ел тұрғындарын вакцинаның екі компонентін алуға шақырамын. Біз ұжымдық иммунитетті қалыптастырмайынша, бұл ауруды жеңе алмаймыз", - деді 4 баланың анасы, "Мықты аналар" қорының құрылтайшысы Ұлжан Мырзагелдиева.

Көпбалалы аналар коронавируспен қазір балалар жиі ауыра бастағанын айтты. Вирус ешкімді таңдамайды, үлкенге де, кішіге де қауіпті. Оның зиянынан тек вакцинация арқылы қорғануға болады.

Айта кетейік, елордада иммундау жүйесіне күмән келтіретіндер қатары азайып келеді. Қала тұрғындары жаппай вакцинацияны қолдайды, осылай ғана қауіпті вирустың зардаптарынан өзін және өзгелерді қорғауға болатынын біледі.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда вакцинаның бірінші компонентін 326 мыңнан астам адам алды, ал 219 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өтті.




Көрілген: 863    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.07.2021, 16:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30