Ел жаңалықтары

Елордалық мамандар Есіл өзенінде өліп жатқан балықтарды «көрмедік» дейді (ВИДЕО)

  • Елордалық мамандар Есіл өзенінде өліп жатқан балықтарды «көрмедік» дейді (ВИДЕО)

    Елордалық мамандар Есіл өзенінде өліп жатқан балықтарды «көрмедік» дейді (ВИДЕО)

12 мамырда Instagram əлеуметтік желісінде Есіл өзенінің «Серуен» жаяу жүргіншілер көпірі маңына балықтардың жиналып қалғаны туралы ақпарат жарияланды. Соған орай, «Ақмола облысы аумақтық орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі» РМБ Нұр-Сұлтан инспекциясы бөлімінің инспекторлары Нұр-Сұлтан қаласының əкімдігіне қарасты «ЖасНұр» МКӨК өкілдерімен бірге су қоймасына тексеру жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, baq.kz-ке сілтеме жасап.

youtu.be/ErxhEp39VLg

«Тексеру кезінде осы жерге құртшабақтардың жиналып қалғаны байқалды. Бірақ, өлі балық табылмады», - деп мәлімдеді Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі.

«2020 жылғы 13 мамырда «Ақмола облысы аумақтық орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі инспекциясы» РМБ Нұр-Сұлтан инспекциясы бөлімінің инспекторлары Нұр-Сұлтан қаласының Экология департаменті, Нұр-Сұлтан қаласы əкімдігінің «ЖасНұр» МКӨК, сондай-ақ, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Солтүстік филиалы өкілдерімен бірге Есіл өзенінің жағалау аймағы мен жаяу жүргіншілер көпіріне тексеру жүргізді.

Тексеру нəтижесінде, бұл ауданда өлі балық кездеспеді. Сондай-ақ, зиянды заттармен ластану да байқалмады. Нұр-Сұлтан қаласы Экология департаменті судың сынамасын алды. Есіл өзенінің ихтиофаунасын зерттеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады министрлік.

Осылайша, мемлекеттік мекемелердің бірнеше өкілі жағада шұбырып жүріп, өзеннен өлі балық көрмей қайтыпты. Ендеше, бұл жолы олардың назарына сол 12 мамырдағы тағы бір видеоны ұсынып көрейік. Абзал Бейсембаев есімді блогер Youtube арнасына Рыскелді қажы мешітінің маңында жайрап шатқан шортан, алабұға, мөңке балықтарын анықтап тұрып түсіріп алған. Оны қалай жоққа шығармақпыз енді?!

Жалпы, Есіл өзенінен 20 сəуірден 20 мамырға дейін балықтардың уылдырық шашу жəне көбеюі кезеңінде балық аулауға тыйым салынған. Сол балық аулау маусымы ашылғанша, арнайы мамандардың кешегідей «көрмедік-білмедік» деп қол қусырып отыра бермей, дұрыстап жұмыс істегендері жөн-ау...

 

 




Көрілген: 400    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.05.2020, 08:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31