Ел жаңалықтары

Елордалық супермаркеттердің бірінде 10 мың дана экодорба таратылады

  • Елордалық супермаркеттердің бірінде 10 мың дана экодорба таратылады

    Елордалық супермаркеттердің бірінде 10 мың дана экодорба таратылады

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Астана жастары» КММ-ның ұйымдастыруымен елордада «Біз &ndash таза қала үшін!» экологиялық акция басталды. Экологиялық акция аясында бір апта ішінде еріктілер «Анвар» гипермаркетінің келушілеріне «Eco Friend» ЖШС өндірген 10 мыңға жуық экодорба таратады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты Елорда Инфоға сілтеме жасап хабарлайды.

Науқанның мақсаты &ndash қоғам назарын экология мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аудару. Осы арқылы жүздеген жылға дейін ыдырамай, экологияға зиян келтіретін полиэтилендік дорбадан біртіндеп арылу көзделген.

«Eco Friend» ЖШС шығарған экодорба 7 келіге дейінгі затты көтеруге қауқарлы. Сонымен қатар оны бір рет емес, бірнеше мәрте пайдалануға болады. Негізгі бағасы &ndash 70 теңге.

«Біз планетаның таза болғанын қалаймыз. Экологияның тазалығына қолдау көрсете отырып, біз жаңа деңгейге өтуіміз керек. Экодорбаларды, сөмкелерді қолдана отырып, біз экологияға, қоршаған ортаға, табиғатқа пайдамызды тигізе аламыз. «Анвар» сауда желісі өтінішімізді қабыл алып, осы акцияға қатысып жатыр. Жалпы, тұрғындар осы дорбаны пайдалану арқылы атмосфераға зиян тигізетін полиэтилендік дорбалардан арыла алады. Экодорбаның тағы бір тиімділігі оны қайта өңдеуге болады», &ndash деді «Eco Friend» ЖШС негізін қалаушы Алма Төлебаева.

Оның айтуынша, аталған компания ай сайын 700 мың экодорба шығарады. Зауыт елордада орналасқан. Заманауи құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген. Нарықта жұмыс істеп келе жатқанына екі жыл болған.

Ұйымдастырушылар бұл экологиялық акцияның жыл бойы жалғасатынын атап өтті.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ басшысының орынбасары Аян Ерментаевтың айтуынша, бұл науқан алда SMALL сияқты басқа да Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар супермаркеттер мен гипермаркеттерде өткізіледі.




Көрілген: 638    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.01.2021, 21:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31