«Елорданың атауы өзгере ме?» - Мәжіліс төрағасы жауап берді

02 наурыз 2022, 14:29

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов елорда атауын Астанаға қайта өзгерту туралы сұраққа жауап берді., - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов елорда атауын Астанаға қайта өзгерту туралы сұраққа жауап берді.

"Ондай мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ", - деді Қошанов журналистерге.

Сондай-ақ оның айтуынша, депутаттар бастама танытып, мұндай ұсыныс жасамайды.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың наурызында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқаннан кейін Астана атауы Нұр-Сұлтан деп өзгертілді. Бұл идеяны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған еді.

sputnik.kz