Ел жаңалықтары

Елорданың қақ ортасында төбелес болды

  • Елорданың қақ ортасында төбелес болды

    Елорданың қақ ортасында төбелес болды

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарап кетті. Видеода "Газель" көлігінен шыққан екі жігіттің бір адамға жабылып жатқанын көруге болады. Бірақ "Мерседестің" жүргізушісі екеуін тоқтата білді. Ал екінші видеода жүк көлігінің жолаушысы жүгіріп келіп, оны шықшыттан ұрып құлатады. Осы кезде "Газель" жүргізушісі келіп, төбелесті тоқтатады. Басқа көлік жүргізушілері де араша түседі. 

Төбелес Бөгенбай батыр мен Сарыарқа даңғылының қиылысында болған. Астаналық полицейлер әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде тәртіп бұзушылықты тіркеуге алып, төбелеске қатысқандардың бәрін анықтады. Жанжалдың себебі де белгілі болды. Көлік жүргізушілері бір-біріне жол бермей, ерсі ишарат көрсеткен. Оның арты жанжалға ұласқан. 

 "Қазіргі кезде "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті көлік жүргізушілерін қоғамдық тәртіпті бұзбауға және жол қозғалысына кедергі жасамауға шақырады", - дейді полицейлер. Айта кетейік,  бұзақылық әрекеті үшін 2 000 айлық есептiк көрсеткiшке (5 834 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады, я болмаса, сол мөлшерде түзеу жүмыстары не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға жібереді. Оған да келіспесе, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
 




Көрілген: 1103    Пікірлер: 0

жұма, 16.04.2021, 16:13

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31