Ел жаңалықтары

Елорданың сол жағалауы жарықсыз қалды

  • Елорданың сол жағалауы жарықсыз қалды

    Елорданың сол жағалауы жарықсыз қалды

"Левобережная" қосалқы станциясының кабель каналынан өрт шығып, елорда орталығындағы тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттар жарықсыз қалды


НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Елорданың сол жағалауында орналасқан үйлер мен кеңселер, әкімшілік ғимараттар жарықсыз отыр. Оған "Левобережная" қосалқы станциясындағы авария себеп болған.


Ақмола электр желілерін тарату компаниясы баспасөз қызметінің ақпаратынша, 10 қарашада кабель желісі зақымданып, салдарынан "Левобережная" қосалқы станциясының кабель каналынан өрт шықты.


"Апат түнгі сағат екіден кейін басталды. Өрт сөндіру бриагаларын тоқ соқпауы үшін қауіпсіздік мақсатында осы кабель желісіне қосылған тұтынушылар тоқтан ажыратылды",- деп мәлімдеді ведомстводан.

Бұл қосалқы станциядан электр энергиясын алатын нысандардың арасында Ақорда, Nur Otan партиясының ғимараты, "Әбу-Даби Плаза" ауданындағы тұрғын үйлер бар.


15 адам мен алты арнайы техника апат салдарын жоюға кірісті.


Бес жедел-көшпелі бригада нысандарды қайта қосу жұмысымен айналысып жатыр. Қолда бар барлық мобильді дизель-генераторлық қондырғылар жұмылдырылды.


Кабель желілерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.


sputniknews.kz


 




Көрілген: 236    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.11.2019, 13:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Желтоқсан, 12:07
    Қазақстанда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31