Елорданың сол жағалауында көлік қас қағым сәтте күлге айналды – видео

13 наурыз 2021, 14:59

Алдын ала болжам бойынша өрт көліктегі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан болуы мүмкін
Елорданың сол жағалауындағы автотұрақта жеңіл көлік толығымен өртеніп кетті. Оқиға куәгерлері түсірген видео әлеуметтік желілерде тарады. 

https://www.instagram.com/sputniknewskz/?utm_source=ig_embed

Өрт сенбі күні, 13 наурызда таңертең болған.

"Өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне сағат 07.34-те Қонаев көшесі, 14/2 мекенжайындағы тұрақта автокөліктің өртеніп жатқаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнында ВАЗ 2114 автокөлігінің өртенгені анықталды", – делінген төтенше жағдайлар жөніндегі департамент хабарламасында.
Өрт шыққан жерде жанып жатқан көлік иесі болмаған. Ал өрт 12 минут ішінде толық сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Мамандардың айтуынша, алдын ала болжам бойынша өрт көліктің қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан болуы мүмкін.