Ел жаңалықтары

Еңбек министрінің ағасы Тимуржан Нұрымбетов пара алды деген күдікке ілінді

  • https://kaz.tengrinews.kz/

    https://kaz.tengrinews.kz/

Тимуржан Нұрымбетов Жамбыл облысы Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы қызметінен өз еркімен кетті. Бұл туралы өңірлік әкімдіктің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалхатқа берген жауабында айтылады.

 

Ведомство мәліметінше, облыс әкімінің бұйрығымен Нұрымбетов басқарма басшысы қызметінен өз еркімен кетті. Ол бұл қызметке 2019 жылдың 18 ақпанында келген еді.

 

"Тимуржан Нұрымбетов өзін сауатты және білікті маман, мықты басшы ретінде көрсетті. Ашық, еңбекқор адам. Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы қызметінде ешқандай тәртіптік жазаға тартылған жоқ", - делінген Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Алмас Мәдиевтің жауабында.

 

24 сәуірде Нұрымбетовтің орнына уақытша қызметке Жорабек Баубеков келді.

 

Еске салайық, мұның алдында Тимуржан Нұрымбетовтің үй қамауына алынғаны хабарланған еді. Жамбыл облысының прокуратурасы 2019 жылдың 26 желтоқсанында Антикоррупция қызметінің сотқа дейінгі тергеу бастағанын айтқан еді.

 




Көрілген: 467    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.06.2020, 17:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31