Ел жаңалықтары

Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды

  • Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды

    Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі ақыры орнынан кетті. Қуанышбек Қашқымбаев бұған дейінде лауазымын босатам деп, кейін ойынан айнып қалған еді. Ауданның жаңа әкімі болып Әлібек Жақанбаев тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

 
Әлібек Әскербекұлы бұған дейін 10 жыл Алакөл ауданының әкімі болған. 56 жастағы жаңа әкім Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын орман шаруашылығының инженері мамандығы бойынша бітірген.

«Алматы облысы әкімінің өкімімен Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болып тағайындалды. Ол еңбек жолын Алакөл ауданы «Левобережный» кеңшарының жұмысшысы болып бастады. Әр жылдарда Семей қаласында «Зеленстрой» шаруашылық есептегі учаскесі көгалдандыру бөлімінің агрономы, Алакөл ауданында Алакөл механикаландырылған орман шаруашылығының жұмысшысы, цех шебері, инженері, Үшарал орман шаруашылығында орманшы, бас орманшы, «Қаратал орманы» ММК Алакөл филиалының директоры, «Талдықорған ағаштары» ММК Алакөл филиалының директоры, «Алакөл орман шаруашылығы» ММ директорының орынбасары, директоры, Сарқан ауданының әкімі қызметтерін атқарды», - деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ал 2020 жылы Еңбекшіқазақ ауданының бұрынғы әкімі Қуанышбек Қашқымбаев пен оның орынбасары Алматы әуежайы маңындағы жер телімдерін заңсыз сату бойынша ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінді. 




Көрілген: 251    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.03.2021, 16:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 00:29
    Алматыда сел жүрді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30