Ел жаңалықтары

Енді Алматы автобустарында банк және ұялы операторлар QR-коды арқылы жолақысын төлеу мүмкін болмайды

  • Енді Алматы автобустарында банк және ұялы операторлар QR-коды арқылы жолақысын төлеу мүмкін болмайды

    Енді Алматы автобустарында банк және ұялы операторлар QR-коды арқылы жолақысын төлеу мүмкін болмайды

Қыркүйекте Алматы автобустарына қосылған банк және ұялы операторлар QR-коды арқылы жолақы төлеу мүмкіндігі өшірілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

SMS-хабарлама немесе бірыңғай QR-код арқылы 2016 жылдан бері Алматы автобустарында жол жүру ақысын төлеу бойынша қызмет көрсететін SMSBus компаниясы 7 қыркүйектен бастап "Алматыэлектротранспен" ынтымақтастық туралы келісімге қолжеткізгенін мәлім етті. Онда қаладағы қоғамдық көліктердің 60 пайызы тіркелген.

Автобустарда Beeline, Halyk Bank, сондай-ақ басқа банктер мен операторлардың QR-коды бойынша төлем жарамсыз деп есептелетіні туралы хабарландырулар пайда болды. Осылайша, жол ақысын тек "Оңай" картасымен (оның ішінде "Оңай" қосымшасындағы QR-код арқылы), сондай-ақ терминал нөмірін SMS-хабарламамен, USSD командасымен немесе қолма-қол ақшамен жіберу арқылы төлеуге болады.

"Тамызда әкімдік өкілдері қатысқан Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің Көлік комитетінің отырысы өтті. Онда бәрі қаладағы көлік паркін біздің жүйеге қосу туралы ұсынысты қолдады. Бұған дейін біз тек жеке автопарктермен жұмыс істедік. 7 қыркүйекте автопаркпен келісімге қол қойдық, шарттар барлық тараппен мақұлданды, автобустар мен троллейбустарға QR-код орнатуды бастадық. Кенеттен жағдай өзгерді, біз себебін білмейміз. Тасымалдаушы QR-код жапсырмаларын алып тастауды тапсырған. Бұл жапсырмалар "Алматыэлектротранс" үшін арнайы дайындалған, біз оларды 1200 автобус пен троллейбусқа жапсырдық. Нәтижесінде біздің шығын шамамен екі миллион теңге болып тұр", – деді SMSBus ЖШС директоры Алексей Беседин.

Алексей Бесединнің айтуынша, мұндай жағдай 2018 жылы да болған. Олар QR-коды арқылы төлемді бастағанда, барлық жапсырма қағаздар алып тасталған. Алексей Беседин олардың жүйесі ONAY-ға тәуелсіз жұмыс істейді, дегенмен, олар да Транспорт холдингі сияқты, әкімдікке жіберетін тасымалдаушыларға жолаушылар тасымалы туралы деректерді жіберетінін айтты. SMSBus сұраулары бойынша тасымалдаушыларға субсидия төлеу жалғасқан.

Қазір бұл қызмет Алматыдағы барлық жеке тасымалдаушыда жұмыс істейді, олардың QR-коды 2300 автобуста бар. Алайда компания директорының айтуынша, егер жеке автопарктерге SMSBus арқылы операция үшін субсидия төлеуді тоқтатса, олар да қызметті өшіре алады.

Алматы әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірді. Олар SMSBus жүйесін алып тастау тапсырылғаны туралы айтпады. Дегенмен, қалалық мобильділік басқармасы қоғамдық көлікте төлем тек бір оператор - ONAY электрон билет жүйесі арқылы жүзеге асатынын жеткізді. Департамент "Алматы қаласының көлік холдингі" жүйесі арқылы жол жүру ақысын QR-код, ONAY мобильді қосымшасы, SMS және USSD коды және ұялы байланыс операторларының балансы арқылы да төлеуге болатынын айтты.

Бүгінде көлік холдингі 2,3 миллионнан аса бірыңғай көлік пен 913 мың жеңілдік картасын сатқан. Сондай-ақ ONAY білім беру мекемелерінде және басқа салаларда жұмыс істейді.




Көрілген: 224    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.09.2021, 15:18

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31