Ел жаңалықтары

Енді балабақшаға екі жастан қабылдайды

  • Енді балабақшаға екі жастан қабылдайды

    Енді балабақшаға екі жастан қабылдайды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балаларды балабақшаға екі жастан бастап қабылдауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Жаңа бағдарламаларға көшіп жатырмыз. Жас ерекшелігіне байланысты өзгерістер болады. Балаларды балабақшаға екі жастан бастап қабылдау маңызды", - деді министр Нұр-Сұлтанда өткен Тамыз конференциясы барысында.


Сондай-ақ, Аймағамбетов балабақшалардың жұмысын тамызға дейін ұзартуға қатысты пікір білдірді.


"Бүгінде балабақшалар үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды қабылдайды. Бірақ балалардың көбі 6 жасқа тола салысымен мектепке барып жатыр. Сондықтан балаларды екі жастан бастап балабақшаға қабылдау мәселесін көтеріп отырмыз. Сонымен қатар, балабақшаның жұмысын тамызға дейін ұзарту керек. Осыған байланысты арнайы бағдарлама әзірлеп жатырмыз", - деді министр.


Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда 2000-нан аса қазақстандық мұғалім Тамыз конференциясына қатысты.




Көрілген: 380    Пікірлер: 0

жұма, 16.08.2019, 22:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек, 12:15
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30