Ел жаңалықтары

Енді электронды цифрлық қолтаңбаны компьютерде сақтау қажет емес

  • Енді электронды цифрлық қолтаңбаны компьютерде сақтау қажет емес

    Енді электронды цифрлық қолтаңбаны компьютерде сақтау қажет емес

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев электронды үкіметтегі жаңашылдықтар туралы айтып берді

Қазақстандықтарға NCA Layer орнатып, электронды цифрлық қолтаңбаны компьютерде сақтау қажет болмайды. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында цифрлық даму министрі Асқар Жұмағалиев айтты.

"Заман ағымына сай мобильді болу қажеттілігін ескерсек, өз өмірімізді смартфонсыз елестете алмаймыз. Сондықтан біз eGov mobile қосымшасын белсенді түрде дамытудамыз. Қазірдің өзінде көп сұралатын 60 қызмет пен сервис қолжетімді. Қосымшадағы ЭЦҚ -ны саусағыңыздың ізімен растап, бір рет басу арқылы құжатқа қол қоюға болады", - деп жазды министр.

Бүл қосымшамен QR-кодты есептеу арқылы eGov порталында авторизациядан өтуге болады.

"Қызмет алушы компьютердің көмегімен eGov порталына кіріп, қызметке тапсырыс бергенде өтінімге қолды eGov mobile мобильді қосымшасы, яғни смартфонындағы QR-код арқылы қол қоя алады. Ол үшін компьютеріңізге NCALayer бағдарламасын орнатудың және ЭЦҚ-ны компьютерде сақтаудың қажеті жоқ", -деді Жұмағалиев.

QR-код арқылы қол қоюға болатын мемлекеттік қызметтердің тізбесін кезең-кезеңмен толықтырылып отырады. QR-код бойынша алғашқы қызметтерді алу мүмкіндігін алдағы айда іске қосу жоспарланған.




Көрілген: 383    Пікірлер: 0

жұма, 15.05.2020, 10:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Маусым, 09:49
    Балаларымен қауышты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30