Ел жаңалықтары

Енді қазақстандықтар қабылданатын заңды дебатта талқылай алады

  • Енді қазақстандықтар қабылданатын заңды дебатта талқылай алады

    Енді қазақстандықтар қабылданатын заңды дебатта талқылай алады

Қазақстанда заң жобасын әзірлеу барысында жұртшылықтың қатысуымен ашық дебат өткізіледі. Бұл туралы әділет вице-министрі Наталья Пан мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұған дейін мемлекеттік органдар заң жобасын әзірлеуге кірісу үшін тұжырымдама дайындайтын. Ол "Ашық НҚА" порталында жарияланып, халықпен талқылау өткізілетін. Жаңа модельге сәйкес, енді тұжырымдамадан бұрын консультативтік құжат әзірленеді. Жұртшылықпен талқылау тек "Ашық НҚА" порталы арқылы ғана емес, қоғамдық тыңдау және дебаттар өткізу жолымен да жүргізіледі", - деді Пан брифингте.

Айтуынша, қоғамдық тыңдаулар мен дебаттар халықтың қандай да бір салаға қатысты ой-пікірін білдіруге мүмкіндік береді.

Қоғамдық тыңдау кезінде заң жобасын әзірлеген мемлекеттік орган құжаттағы басты жаңашылдықтар туралы баяндама жасайды.

Ашық дебатқа мемлекеттік орган мен қоғам өкілдері, тіпті мақсатты топтар қатыса алады. Дебатты онлайн трансляция арқылы көрсету көзделіп отыр.

"Қазір карантин жағдайында дебатты онлайн өткізе аламыз. Жағдайдың түзелуіне қарай бетпе-бет өткізу мүмкіндігі бар. Дебат форматын мемлекеттік орган өзі шешеді. Пікірталасқа заң жобасын қолдайтындар да, қолдамайтындар да, кем дегенде екі тарап шақырылады", - деді вице министр.

Пан әр мемлекеттік орган заң жобасы келесі инстанцияларда қолдау табуы үшін дебат өткізуге мүдделі болатынын атап өтті.

Осылайша, мемлекеттік органдар заңды консультативтік құжат дайындалып, жұртшылықпен келісу процедуралары аяқталғаннан кейін ғана әзірлейді. Мұндай тетік өкілетті органдар қабылдайтын шешімдердің ашықтығына қол жеткізуге мүмкіндік береді, деп санайды Пан.




Көрілген: 594    Пікірлер: 0

жұма, 16.04.2021, 14:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Мамыр, 19:58
    39 С ° ыстық болады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31