«Енді мұндай жағдайға ешқашан жол бермейміз» – Бекболат Тілеухан

15 қаңтар 2022, 16:51

Ел арасында Мәжілістің бұрынғы депутаты Бекболат Тілеуханға қатысты алып-қашпа әңгімелер желдей ескен еді.Кеше оның өзі республикалық телеарналарға соңғы оқиғаларға байланысты сұхбат берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Далада сұхбат беріп тұрған сәтін экс-депутат өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады.

«Отыз жылдық төл тарихымызда осындай қиын, ауқымды әрі күрделі сынаққа тұңғыш рет бетпе-бет келдік. Тағдырдың талай тезінен өткен еліміз бұл сындарлы кезеңнен сынып қалмай өте білді. Қауіптің бұлты сейілді, күрделі күндер артта қалды. Ендігі біздің темірқазық етіп, бұлжымас қағида қылатынымыз – береке-бірлік, тыныштық пен тұрақтылықтың қадірін біліп, сақтауымыз. Тәуелсіздік – біздің басты байлығымыз. Өткеннен өнеге, сынақтардан сабақ алайық. Ең бастысы – енді мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз» деп жазды Бекболат Тілеухан.

Ал кеше ғана ҚазТАГ агенттігіне шенеуніктің туыстары: «Ол Меккеде, Сауд Арабиясы Корольдігінде орналасқан», – деп жауап беріпті.

https://www.instagram.com/bekbolat.tleukhan/?utm_source=ig_embed&ig_rid=445d0322-bacd-46de-893a-3a5b212a106b