Ел жаңалықтары

"Ер баланы тоғыз жаста үйлендірген дұрыс" - дәрігер

  • "Ер баланы тоғыз жаста үйлендірген дұрыс" - дәрігер

Қазір ер балдар арасында белсіздік, яғни ұрықтандыруға қабілеті активті а (альфа) сперма азаюы көп ұшырауда.
Дәрігер Ғабит Нұрханұлы балаларды 9 жастан үйлендіру керек деп мәлімдеме жасады. Оның айтуынша бүгінде бедеулік ерлер арасында жиі кездесетіндіктен, ұлдарды ерте үйлендірген жөн екен. Бұл туралы Paryz.kz жазады. 

Елордалық дәрігер өз ойын өзінің Facebook парақшасында жариялады. 

"Он үште отау иесі деп бабаларымыз қалай тауып айтқан. Казіргі заманда баланы он үште емес , тоғыз жастан үйлендіріп тастаған дұрыс секілді, әйтпесе ол үйленем деген 25, 30 жаста уже кеш болады. Қазір ер балдар арасында белсіздік, яғни ұрықтандыруға қабілеті активті а (альфа) сперма азаюы көп ұшырауда. Спермалар ұрықтандыру қабілетіне қарай А (альфа) В (бетта) болып бөлінеді. Оның ішінде тек альфалар ғана ұрықтандыра алады. Жап жас ер адам, ішпейді, шекпейді, спортпен де айналысады, бірақ ұрығында активті Альфалар аз (20% төмен , азоспермия) не мүлде жоқ (аспермия) Енді альфа спермалар қайда екенің іздейік",-дейді ол.

Сол себепті дәрігер ұлдарды ерте үйлендірген абзал дейді. 

"Простата сондай активті жұмыс істей бергеннен есейгенде ұрықты адам қоза бастағаннан шығарып әдетке айналып кетеді. Бұл біріншіден альфа ұрықтар азаюына не мүлде шықпауына , екіншіден тез бітіріп қоюына, үшіншіден миы виртуалды махаббатқа үйреніп шын әйелге мүлде қозбай қалуы мүмкін. Сол үшін жасы келсе де үйленбей жүріп алады, не ориентациясы еркекке ауысады. Себебі еркектер бірін бірі жақсы түсінеді, және оның ойынан шығу міндетті емес. Осындай пәлекеттерден ұл қыздарды сақтау үшін мүмкіндік болғанша жыныстық есейе бастағанда бір бірінен бөлек оқытқан дұрыс. Ұлдардың телефондарын үнемі бақылап ішінде не барын, не көріп жүргенің бақылап отыру қажет. Мумкіндік болғанша ерте үйлендіріп, альфа ұрықтарын дұрыс қолдануды үйрету керек",-дейді ол.




Көрілген: 3401    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.04.2021, 16:26

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31