Ердоған Путинмен келіссөздер жүргізу үшін Ресейге ұшты

05 тамыз 2022, 17:45

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Владимир Путинмен келіссөздер жүргізу үшін Сочиге ұшты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Сурет Anadolu басылымынан алынды

Делегация құрамында ұлттық барлау басшысы Хакан Фидан бар.

Путин қазір Сочиде. Келіссөздердің нәтижелері туралы баспасөзге Премьер-Министрдің орынбасары, Үкіметаралық комиссияның тең төрағасы Александр Новак хабарламақ.

Путин мен Ердоған бүгін Анкараның Сирияда әскери операция жүргізу ниетін талқылайды деп болжануда.


"Күрдтерді қорғап отыр": Түркия президенті Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруіне тосқауыл қоятынын мәлімдеді
Қазақстандық министрдің жасын сұраған Ердоған таңданысын жасырмады

"Бүгін Сирия талқыланбақ. Түркия қазір қауіпсіздік себептері бойынша алаңдаушылық тудыруда. Біз оны әрине, ескереміз. Бірақ Сириядағы жағдайдың тұрақсыздануына әкеліп соғатын кез келген әрекеттерге жол бермеу өте маңызды. Бұл аумақтық және саяси тұтастыққа нұқсан келтірмеуі керек", - деді Песков журналистердің сауалына жауап беріп.

Сонымен қатар Түркияның БРИКС-ке кіруі де талқылануы мүмкін. Одан бөлек бұл келіссөздерде екіжақты байланыстардың жай-күйі мен болашағы туралы пікір алмасу болып, аймақтық және халықаралық үдерістер талқыланбақ.