Ел жаңалықтары

Ерлан Тұрғымбаев Грузияда көз жұмған Әлсел Айтпаеваның өлімі жайында пікір білдірді

  • Ерлан Тұрғымбаев Грузияда көз жұмған Әлсел Айтпаеваның өлімі жайында пікір білдірді

    Ерлан Тұрғымбаев Грузияда көз жұмған Әлсел Айтпаеваның өлімі жайында пікір білдірді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ОКҚ-да өткен брифингте Грузияда көз жұмған қазақстандық Әсел Айтпаеваның өліміне қатысты сұрақтарға жауап беріп, Қазақстан тарапы осы мәселеде Грузия полициясымен тығыз байланыста жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

 
«Осы қылмыстық іс бойынша бізде бірқатар тергеу жұмыстары жүргізіліп, адам саудасы туралы іс қозғалды. Негізгі айыпталушы ұсталды, қамауға алынды, бірнеше тергеу амалдары жүргізілуде. Біз Грузия полициясымен тығыз байланыста жұмыс істеудеміз. Мен мұнда тергеу материалдары тергеу әрекеттері аяқталғанша жария етілмейтінін айтқым келеді», - деп жауап берді министр.
Еске салайық, 26 жастағы Әсел Айтпаеваның мерт болғаны туралы ақпарат 5 мамыр күні шыққан. 12 мамырда марқұмның денесі елге жеткізіліп, Қабанбай батыр ауылына жерленді.

Кейінірек Грузия прокуратурасы қазақстандық қызды зорлау және өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу ісі бойынша айыптау шығарды. Бойжеткеннің ата-анасының арызы бойынша оның туысы М.Мейірбеков ұсталып, күдікті екі айға қамауға алынды. 




Көрілген: 692    Пікірлер: 0

жұма, 11.06.2021, 16:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31