Ел жаңалықтары

"Ешкімді камера алдында кешірім сұрауға мәжбүрлемейміз" - ІІМ басшысы

  • "Ешкімді камера алдында кешірім сұрауға мәжбүрлемейміз" - ІІМ басшысы

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полицейлер құқық бұзушылық жасаған азаматтарды камералара алдында кешірім сұрауға мәжбүрлемейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Соңғы уақытта кез-келген резонанстық оқиғалардан кейін ІІМ кінәлілердің кешірім сұраған видеоларын жариялайды. Адамдарды камера алдында кешірім сұрауға мәжбүрлеу қаншалықты заңды немесе олар өздері ниет білдіре ме? Мұндай тәжірибе кінәсіздік презумпциясын бұза ма?”, – деп сұрады ОКҚ-да өткен брифингте журналистер.

 
Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, оларды полиция мәжбүрлемейді.

“Орган қызметкерлері ешкімді бейнекамера алдында кешірім сұрауға мәжбүрлемейді. Қазір әлеуметтік желілерде әркімнің парақшасы бар, егер азамат өз әрекеттерінің заңсыздығын шынымен түсінсе, ол қалаған нәрсесін жариялай алады. Сонымен қатар, өз кінәсін шын жүректен өкініп мойындау кейбір құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті алып тастайды”, - деп түсіндірді Ерлан Тұрғымбаев.




Көрілген: 515    Пікірлер: 0

жұма, 11.06.2021, 15:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31