Ел жаңалықтары

«Еуропа пандемияның үшінші толқынына 2021 жылдың басында тап болуы мүмкін» - ДДСҰ

  • «Еуропа пандемияның үшінші толқынына 2021 жылдың басында тап болуы мүмкін» - ДДСҰ

    «Еуропа пандемияның үшінші толқынына 2021 жылдың басында тап болуы мүмкін» - ДДСҰ

Олар бірінші толқынды бақылауға алғаннан кейін жаз айларында қажетті инфрақұрылым салуды жіберіп алды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2021 жылы Еуропада коронавирус инфекциясының үшінші толқыны болуы мүмкін екенін ескертті. деп хабарлады Қазақстандағы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Ұйым Еуропа елдеріне вирусты бақылауға алуы керек екендігін ескертті.

"Еуропа коронавирустық инфекция пандемиясының үшінші толқынына 2021 жылдың басында тап болуы мүмкін. Олар бірінші толқынды бақылауға алғаннан кейін жаз айларында қажетті инфрақұрылым салуды жіберіп алды. Қазір екінші толқын жүріп жатыр. Егер олар қажетті инфрақұрылымды салмаса, келесі жылдың басында үшінші толқын болады", &ndash деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы өкілі Дэвид Набарро.

Ол сонымен қатар, Еуропаның Азия елдерінен үйренетін нәрсе бар екенін айтты.

"Вирусқа жылдам әрі батыл жауап беру керек. Әсіресе бастапқыда вирустың әр түрлі қауымдастықтар ішінде өте баяу таралатын кезінде. Егер сіз сенімсіз әрекет жасасаңыз, мәселе өте тез ушығады", - деді ДДҰ-ның арнайы өкілі.

Еуропа елдерінде коронавирусты жұқтырғандар саны күн сайын артып келеді. 
Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың жалпы саны 59 миллионға жақындады.

Дереккөз: Baq.kz




Көрілген: 541    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.11.2020, 17:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31