Ел жаңалықтары

"Фабрика үшін базарды жауып тастамақ": Алматыдағы барахолкада сатушылары шу шығарды

  • "Фабрика үшін базарды жауып тастамақ": Алматыдағы барахолкада сатушылары шу шығарды

Алматыда "Рахат" базарының саудагерлері наразылыққа шықты. 300-ге жуық кәсіпкер өздері жан бағып отырған сауда орнының жабылуына қарсы. Айтуларынша, орнына жиһаз фабрикасын салуға рұқсат беріпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентті "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Орнымыздан жылжымаймыз деген сатушылар жаңа иелерімен соттасып жатыр. Алайда сот ісі де созылып кетті деген күйінген олар амалы таусылғанын айтады.

 
"Рахат" базарының саудагерлері таң сәріден "несібемізден айырмаңдар" деп шулады. Барлығының назы бір. Саудагерлерге былтыр әкімдіктегілер базардың жабылатынын хабарлапты. Сол арада сотқа берген наразы жұрт істің созылып кеткеніне қапалы.

"Себебін былай деп айтты: бұл санитарлық аймақ, зират, "қызыл" аймақ, бұл жерге салуға болмайды. Бізге, "ТКМ" ЖШС-не. Ал сонда қараңыз, "СPS" ЖШС-не салуға болады екен, жанағы жиһаз фабрикасын. Сонда қалай? Біреуге салуға болады да, біреуге салуға болмай ма? Сонда біздің мүддеміз қайда қалды? Құқығымызды кім қорғайды? Біз осы ұлтарақтай жерімізбен бала-шағамызды асырап отырмыз", - деді саудагер Ләззәт Көпербаева.

30 жылдан бері осы жерден нәпақа тауып отырған жандар енді қайда баратынын ойлап бастары қатқан. Соның бірі – Тамара Жұмандықова. Ол "Рахат" сауда орнында көп жыл бойы киім-кешек сатып, жанын баққан. Жұмысынан айырылған ол, енді бала-шағасын қалай асыраймын деп, сары уайымға салынған.

"Екі қызым бар. Шынын айтсам, бүкіл отбасын тек мен бағып отырмын. Тағы екі сатушым бар. Олардың да отбасында 3-4 адамнан. Мендей адам көп. Базар жабылып қалса, қанша адам далада қалады", - деді саудагер Тамара Жұмандықова.

Жергілікті билік бас көтерушілердің базынасына бас ауыртпайтын сыңайлы. Өйткені сауда дүңгіршектері тұрған жер әлдеқашан фабрика салатындарға жалға беріліп қойған-мыс. Жиын өткізу туралы алдын ала хабарланбады деп, саудагерлерге шүйлікті.

"Барлық базар да осы. Барахолкада, кез келген базарда орын бар. Бірақ бұл саудагерлерді ешкім қуып жатқан жоқ. Екі жыл болды, жұмысын істеп отыр. "ТКМ" ЖШС-гі жердің жалға берілу мерзімі біткен кезде уақытысында арыз бермеген. Бір айдан кейін беріп отыр", - деді Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Дамир Әкежанов.

Әзірге саудагерлерді жылы орнынан қозғап жатқан ешкім жоқ. Барлығы соттың соңғы шешімінен кейін белгілі болады. Кәсіпкерлер оңайлықпен берілмейтінін айтты.

"Іс пайдамызға шешілмесе, Бас прокуратураға шағым жолдаймыз", - деп тарқасты олар.




Көрілген: 351    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.03.2021, 22:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 00:29
    Алматыда сел жүрді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30