Ел жаңалықтары

Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды

  • Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды

    Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды

Бұған дейін Шымкент қаласының әкімі болған Ғабидолла Әбдірахымов билікке деген сенімді кетірді деген себеппен отставкаға жіберілген еді


Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды.


"ҚР премьер-министрінің өкімімен Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов Қазақстан Республикасының премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды", - деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.


Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов 1975 жылы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Кирово ауылында (қазіргі Түркістан облысы) туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-бухгалтер мамандығы бойынша тәмамдаған, "Болашақ" бағдарламасының түлегі. Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін біледі.


Әр жылдары мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, премьер-министр кеңсесінің басшысы, бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы, президент әкімшілігі басшысының орынбасары, Nur Otan партиясының хатшысы қызметтерін атқарған.


2018 жылдың 20 маусымында Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалып, биыл 30 шілдеде отставкаға кетті. Президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев Ғабидолла Әбдірахымовтың жүріс-тұрысы билікке деген сенімді кетіреді деген болатын.


sputniknews.kz




Көрілген: 842    Пікірлер: 0

жұма, 13.09.2019, 19:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 18:51
    Петропавлға қар жауды
    7 Қыркүйек, 12:15
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31