Ел жаңалықтары

Ғалымдар бір аяқпен тұрып жаттығудың пайдасын айтты

  • Ғалымдар бір аяқпен тұрып жаттығудың пайдасын айтты

    Ғалымдар бір аяқпен тұрып жаттығудың пайдасын айтты

Адамның бір аяқпен тұру қабілеті физикалық белсенділіктің артуына, құлау қауіпінің төмендеуіне, өмір сапасы мен ұзақтығының жақсаруына ықпал етеді. Бұл тұжырымды Глазго қаласындағы Каледония университетінің ғалымдары жасап, нәтижелерін The Conversation порталында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мұндай қабілет денсаулыққа пайдалы көрінеді. Зерттеушілердің пікірінше, егер адам бір аяғында 20 немесе одан да көп уақыт тұра алмаса, онда бұл мидың ұсақ қан тамырларының зақымдану қауіпі мен танымдық функциясының төмендеуін көрсетеді. Паркинсон немесе Альцгеймер ауруына шалдыққандар бір аяғымен тербелмей тұруы екіталай, дейді ғалымдар. 

 
Сонымен қатар, жүктілік, менопауза және зейнетке шығу тепе-теңдікте тұру, бұлшықет күшіне және тік тұру қабілетіне әсер етуі мүмкін.

Зерттеуге сәйкес, ерлер мен әйелдердің жасына байланысты олардың бір аяғымен тұру ұзақтығы өзгереді. Ал егер адам жасына сай уақытта бір аяқпен тұра алмаса, бұл денсаулыққа қатысты проблемаларды көрсетеді.

Омыртқаны тік ұстау үшін адам қажет кезде аяқ, тобық, аяқ бұлшықеттерін, кейде тіпті қол бұлшықеттерін қолданады. Бір аяқпен тепе-теңдік ұстау дене белсенділігінің деңгейіне байланысты, дейді мамандар. 

Физикалық белсенділіктің болмау адамның денсаулығына кері әсер етеді. Бұған жол бермеу үшін ғалымдар көзді жұмып бір аяғымен тұрып жаттығуға кеңес береді.




Көрілген: 670    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.10.2021, 18:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 22:42
    Арон Атабек көз жұмды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30