Ел жаңалықтары

Ғалымдар коронавирусқа қарсы дәрінің өлімге әкеп соғатын қаупін анықтады

  • Ғалымдар коронавирусқа қарсы дәрінің өлімге әкеп соғатын қаупін анықтады

    Ғалымдар коронавирусқа қарсы дәрінің өлімге әкеп соғатын қаупін анықтады

Азитромицин мен жүрек қызметіне әсер ететін препараттарды қатар қолданған кезде, жүрек қызметінің бұзылу жиілігі 40 процентке ұлғаятыны анықталды

Азитромицин антибиотигі басқа дәрілермен қатар ішкен жағдайда жүрек талмасына ұшыратуы мүмкін. Чикагодағы Иллинойс университетінің ғалымдары осындай пайымға келді.

Ғалымдар коронавирус ауруы асқынған кезде ішетін азитромицин антибиотигінің өлімге әкеп соғатын қаупін анықтады, деп хабарлайды РИА Новости.

Мамандар 44 миллионнан астам пациенттің мәліметтерін зерделеп шыққан. Олар амоксициллин мен азитромицинді ішкен топтардың нәтижелерін салыстырды.

Ғалымдар азитромицин мен жүректің электр импульсіне әсер ететін препараттарды қатар қолданған кезде, жүрек қызметінің бұзылу жиілігі 40 процентке ұлғаятынын анықтады.

Атап айтқанда, науқас естен танып, жүрек қағысы жиілеп, тіпті жүрегі тоқтап қалуы мүмкін.

Мұндай дәрі-дәрмекке артериялық қан қысымына қарсы, депрессияға қарсы, безгекке қарсы препараттар мен опиоидтар жатады.

Бұған дейін америкалық кардиологтар дәрігерлерді жүрек қызметін бұзатын дәрілерді тағайындағанда абай болуға шақырған еді. Тізімге COVID-19-ға қарсы кейбір препараттар да кірді. Олардың арасында хлорохин, гидроксихлорохин және азитромицин бар. Бұл дәрілер, дәрігерлердің пайымынша, жүрек ырғағының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.

 




Көрілген: 412    Пікірлер: 0

жұма, 18.09.2020, 11:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31