Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ғалымдар коронавирусқа шалдыққан науқастарда өлім қауіпін арттыратын препараттарды атады

24 шілде 2020, 11:15

Америкалық ғалымдар коронавирусқа шалдыққан науқастарда өлім қауіпін арттыратын препараттарды атады, - деп хабарлайды Stan.kz «Известияға» сілтеме жасап.

Мамандардың пікірінше, ойық жара, гастрит және күйік ауруына көмектесетін танымал дәрілер коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастардың жағдайын нашарлатуы мүмкін. Зерттеулер көрсеткендей, COVID-19 анықталған және мұндай препараттарды қабылдаған адамдар арасындағы өлім осындай препараттарды қолдамаған адамдарға қарағанда 2,3 есе жоғары.

Сонымен қатар, мұндай емделушілерде өкпені жасанды желдету аппаратына қосылу қауіпі 2,5 есе өскен.

Ресейлік гастроэнтерологтардың пікірінше, мұндай препараттарды қабылдау кезінде тұз қышқылының деңгейі төмендейді. Бұл өз кезегінде асқазанның кедергі функциясының төмендеуіне және ішек микробиотасының өзгеруіне әкеледі. Осылайша, вирустық бөлшектер шырышты қабықтар арқылы адам ағзасына белсенді еніп, ауруды күшейтеді. Сондықтан дәрігерлер ағзада инфекцияның дамуы кезінде аталған препараттарды қабылдаудан бас тартуды ұсынады.

Ғалымдар бұл 46 жағдайға негізделген COVID-19 науқастарында ӨЖЖ-ны қолдану қажеттілігін жоғарылататын және өлім-жітімді көбейтетін алғашқы хабар екенін атап өтті. Алайда, зерттеу әлі рецензиялау міндетті рәсімінен өтпеген және жарияланбағандықтан, оған клиникалық практикада сүйенуге болмайды.