Ел жаңалықтары

"Гарант 24 Ломбард" басшыларынан қандай заттар тәркіленді: Ішкі істер министрлігі айтып берді

  • "Гарант 24 Ломбард" басшыларынан қандай заттар тәркіленді: Ішкі істер министрлігі айтып берді

Ішкі істер министрлігі "Гарант 24 Ломбард", "Выгодный займ" и "ЕSTATE Ломбард" қаржы пирамидасын ұйымастырған күдіктілерден қандай заттар тәркіленгені туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

17 мыңнан астам адам полицияға «Garant 24 Lombard» ЖШС, «ESTATE Lombard» және «Пайдалы несие» компанияларына шағым түсіргені туралы белгілі болған. Келтірілген шығын 22 миллиард теңгені құрайды.

 

Ұйым басшыларына қатысты 32 қылмыстық іс тіркеліп, 51 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

"Күдіктілерден 70 миллион теңгеден астам қаражат алынды, олардың қылмыстық әрекеттері кезінде алынған әр түрлі мүлік, тәркіленді. Оның ішінде - 15 жеңіл автокөлік, екі самосвал, екі автокран, қар күрейтін көлік, 29 пәтер, алты үй, үш жер учаскесі, бес тұрақ орны, бір кешен. Күдіктілерден тәркіленген мүліктің жалпы құны екі миллиард теңгеден асады", - деді ІІМ.

Істер сотқа берілгеннен кейін мүлікті заңды иелеріне қайтару мәселесі шешілетіндігі нақтыланды.

Еске салсақ, басы жанжалға қалған "Гарант 24" ломбард құрылтайшысы Қазақстанға экстрадицияланды

"Гарант 24" ломбардының дауына қатысты Ақтөбе облысында полиция қызметкері күдікке ілінді.

 
 

 




Көрілген: 378    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.09.2020, 11:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30