Ел жаңалықтары

«Генерал отставкаға кетті, бірақ жерімді бермеді». Мерзадиновтерден мүлкін ала алмай жүрген зейнеткер тағы шағымданды

  • «Генерал отставкаға кетті, бірақ жерімді бермеді». Мерзадиновтерден мүлкін ала алмай жүрген зейнеткер тағы шағымданды

    «Генерал отставкаға кетті, бірақ жерімді бермеді». Мерзадиновтерден мүлкін ала алмай жүрген зейнеткер тағы шағымданды

Алматыда 15 жыл 7 ай  сот табалдырығын тоздырып жүрген Әсия Ташанованы жақында Президент көмекшісі, Президент әкімшілігіне жазылған халықтың үндеуін бақылайтын бөлім меңгерушісі Тамара Дүйсенованың қабылдауына кіруі мүмкін. Зейнеткер бұған дейін БАҚ арқылы Елбасы мен Президенттен көмек сұраған еді. Алайда оның баспанасы мен жер телімін сырттай өзі атына рәсімдеп алған тұлғалар қысым көрсетуін тоқтатар емес. Бұл туралы Әсия Ташанова Azattyq Rýhy тілшісіне айтып берді.

 
Зейнеткер Алматы қаласы Әуезов ауданы Қалқаман шағын ауданында аумағы 8 сотық жерін Жанасбек Мерзадинов есімді адамның тартып алғанын айтады. Қарт әжейді ол жетім немерелерімен бірге үйден қуып шыққан. Қария 1997 жылы 29 желтоқсанда Алматы облысы Қарасай ауданы Каменка ауылдық округі әкімінің №1432-10 шешімімен алған жеріне басқа бір адамның мемлекеттік акт шығарып алғанын кейін білген. Іс бірнеше рет сотта қаралып, 2016 жылға дейін созылған.

Алматы облысынан Алматы аумағына кірген жердің қазіргі иесі Жанасбек Мерзадинов екені белгілі болды. Ол ҚР Бас прокуратурасы жанындағы құқық қорғау қызметкерлері академиясының ректоры болған, бірнеше облыста прокурор, ҚР Бас прокурорының орынбасары, ҚР Әскери бас прокуроры қызметін атқарған Ерғали Мерзадиновтың туған ағасы, дейді жәбірленуші.

Жер теліміне шешім бастапқыда зейнеткердің қызы Раушан Жармұхамбетованың атына шығарылған.

«Өткен 15 жылда бірнеше рет протестпен бұзылған сот шешіміне лауазымды тұлғаның туыстары қайта-қайта шағымданып, 2016 жылы ақыры өз пайдаларына шештіріп алды. Соңғы бес жылда менің арызымды ешқандай сот қабылдамай отыр. Енді мені жақында Президент әкімшілігінен қабылдайтыны туралы хабарлама келді. Өткен аптада Антикор төрағасының орынбасары Олжас Бектенов қабылдап, көмектесуге уәде берді. Күресті жалғастыра беремін», - дейді Әсия Ташанова.

Жақында Ерғали Мерзадинов ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры қызметінен босатылған. ЖОО ресми сайтындағы ақпаратқа сенсек, бұл қызметті қазір бірінші проректор Қалиолла Сейтенов атқарып отыр.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы




Көрілген: 1177    Пікірлер: 0

жұма, 23.04.2021, 14:46

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31