Ел жаңалықтары

Гольфке арналған алаңды тазалатып қойған: Түркістан облысында мұғалімдер беделіне нұқсан келді деп шағымдануда

  • Гольфке арналған алаңды тазалатып қойған: Түркістан облысында мұғалімдер беделіне нұқсан келді деп шағымдануда

    Гольфке арналған алаңды тазалатып қойған: Түркістан облысында мұғалімдер беделіне нұқсан келді деп шағымдануда

Жаңа оқу жылы басталғалы бері Қазақстан Білім және ғылым министрлігіне оқушылар мен ата-аналардан, оның ішінде педагогтардың беделін бұзу туралы 70-ке жуық арыз келіп түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Аумақтық департаменттер барлық өтініштерді уақытында қарайды және олар бойынша тиісті шаралар қабылдайды. Мұғалімдердің құқықтарын бұзу фактілері Түркістан және Алматы облыстарында көп байқалады”, – деп хабарлады БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Қабенова.

 
Мәселен, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Омаров атындағы № 50 мектеп мұғалімдері курорттық аймақтардың бірінде гольф ойнына арналған аймақты жинауға тартылғанына шағымданды. Өтінішті қарастыра келе, осы мектеп директорының міндетін атқарушыны жұмыстан босату туралы шешім қабылданды.

Алматы облысында педагог директордан мұғалімдерден ақша жиналатынына және жұмысқа қатысы жоқ еңбекке тартатынына шағымданды. Кейіннен кеңестің шешімі бойынша Текелі қаласының №6 мектебінің директоры қызметінен босатылды.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осындай өтініштер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ол мектеп директорларына мұғалімдерді өздеріне тән емес жұмысқа тартуға тыйым салынатынын еске салды.

“Мұғалім тек балаларды оқытуы керек, оны басқа ерекше жұмыстарға тартуға тыйым салынады. "Педагог мәртебесі туралы" заң бойынша бұл жұмыс жалғасатын болады. Барлық аумақтық департаменттер заң нормаларын бұзғандарды жауапқа тартуы керек. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады, – деп атап өтті БҒМ басшысы.




Көрілген: 374    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.09.2021, 15:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30