Ел жаңалықтары

Грузиядағы қазақстандық бойжеткеннің өлімі: Күдікті қамауға алынды

  • Грузиядағы қазақстандық бойжеткеннің өлімі: Күдікті қамауға алынды

    Грузиядағы қазақстандық бойжеткеннің өлімі: Күдікті қамауға алынды

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Грузияда жұмбақ жағдайда қаза тапқан қазақстандық бойжеткенге қатысты ресми мәлімет таратты,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24kz-ке сілтеме жасап. 

 
«Грузияның құқық қорғау органдары біздің елшілікке берген ақпаратқа сәйкес, биылғы 5 мамырда Тбилиси қаласындағы бір үйдің терезелерінің астынан Қазақстан азаматының денесі табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз 9-қабаттан құлап мерт болған», - деп мәлімдеді Сыртқы істер министрлігі. 
Грузия полициясы өзін өзі өлтіру халіне жеткізу деген күдікпен қылмыстық іс қозғады. Полиция күдіктіні қамауға алды. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды. 

«Грузиядағы Қазақстан елшілігінің консулы марқұмның отбасымен үнемі байланыста. Бұл іс елшіліктің ерекше бақылауына алынды. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ел азаматының денесін Отанына жеткізуге жан-жақты көмек көрсетіп жатыр», - делінген хабарламада. 




Көрілген: 1259    Пікірлер: 0

сенбі, 08.05.2021, 00:43

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30