Ел жаңалықтары

«Халық кедейшілік пен кредитке батып қалды» - Мұхтар Тайжан

  • «Халық кедейшілік пен кредитке батып қалды» - Мұхтар Тайжан

    «Халық кедейшілік пен кредитке батып қалды» - Мұхтар Тайжан

Қоғам қайраткері, Жер комиссиясының мүшесі Мұхтар Тайжан әлеуметтік желідегі парақшасында халықты қымбатшылық әбден басып кеткенін хабарлады.

Адамдар, тіпті, тамақты сатып алу үшін кредит алып отыр. Ауылдағы дүкендер халыққа азық-түлікті қарызға беріп жатыр. Ал халық кедейшілікке және кредитке батып қалды, - деді ол.

Тайжан елде ешқандай экономикалық реформа жүріп жатпағанын атап өтті.

Экономика министрін ешкім көрген де жоқ, естіген де жоқ. Экономика министрі бізде бар ма өзі? Реформа кеңесі де жұмыс атқарып жатқан жоқ. Уақыт өтіп барады, ал экономикалық реформа басталған да жоқ. Баяғы жартас сол жартас. Экономикамен 20 жыл бойы айналысатын ескі кадрларын қуып шығып жаңа кадрларын жұмысқа тарту керек. Өз басым, мені шақырса, мен нағыз экономикалық реформаны жүзеге асыру үшін барар едім. Бірақ қайдам, мен барсам нағыз реформа басталады ғой, ал оған олигархтар қарсы, - деді қоғам қайраткері. 

Еске салсақ, бүгінгі Мәжілістің кезекті отырысында Нығматулин елдегі қымбатшылық мәселесін көтеріп, бірқатар министрлік басшысына шүйлікті. 

Оның айтуынша, елде ең жоғары өсім күнбағыс майы бойынша тіркелген – 33,7%. Сонымен қатар қант 32,8%, жарма 28,7%, картоп 16,8%, жемістер 14,9%, макарон өнімдері 14,7%, жұмыртқа бағасы 10%-ға өскен. Бұдан бөлек ол бензин, электр энергиясы, фармацевтикалық өнімдер мен тұрғын үйдің де құны қымбаттағанын алға тартты. 

Нығматулиннің сауалына жауап берген Үкімет басшысының бірінші орынбасары Әлихан Смайылов пандемияның кесірінен азық-түлік, тек Қазақстанда ғана емес, әлем елдерінде де қымбаттап жатқанын айтты.




Көрілген: 629    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.06.2021, 16:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31