Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Халықаралық іздеуде жүрген Германия азаматы Павлодарда ұсталды

15 желтоқсан 2022, 23:48

Павлодар полицейлері халықаралық іздеуде жүрген Германия азаматын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz телеграм-арнасына сілтеме жасап.

 
Ол тонау, ауыр дене жарақатын келтіру, бопсалау сияқты қылмыс жасағаны үшін іздестірілді.

- Анықталғандай, 2020 жылы Германия азаматы өз Отанында Дрезден жергілікті соты 5,3 жылға бас бостандығынан айырған. 35 жастағы ер адам 2022 жылдың наурыз айында неміс паспортын пайдалана отырып Астана қаласына ұшып келіп, қыркүйек айында Павлодарға келген. 2022 жылдың 22 қарашасында ер адам Германия Федеративтік Республикасының халықаралық іздеуіне жарияланды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыскерді Павлодар жедел уәкілдері ҚР ІІМ интерполымен бірлесіп ұстады. Ол Павлодар қаласы УҰИ-ға қамауға алынды. Экстрадициялау мәселесі халықаралық шарттарға сәйкес шешілетін болады, - деп хабарлады Павлодар облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Капаров.