«Халықтың несиесі кешіріледі»: Ұлттық банк мәлімдеме жасады

09 желтоқсан 2021, 19:51

Несиеге амнистия жасалады деген сарында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды.

Ұлттық банк несие рақымшылығы жарияланғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

«Несиеге амнистия жасалады деген сарында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстан Ұлттық Банкі азаматтар мен БАҚ өкілдерін тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады.

Қажет кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі арқылы Қазақстан Ұлттық Банкінің байланыс орталығына хабарласуға болады», – делінген хабарламада.
Кешеден бері әлеуметтік желілерде және мессенжерлерде «Қазақстанда халықтың несиесі кешірілетіні» туралы ақпарат тараған болатын.

aikyn.kz