Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Хаменованың ісі сотқа берілді

31 мамыр 2022, 14:06

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевтың ісі сотқа жетті,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы  "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. 

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Атырау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевқа қатысты қылмыстық іс келіп түскен. 

Хаменова мен Рысқалиевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (с) бойынша айып тағылды.
Еске салайық, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Атырау облысының арнайы тергеу соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешім шығарды.

Онымен бірге облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев те ұсталды.