Ел жаңалықтары

«Хан Шатыр» бассейнінде батып өлген оқушының әкесі сот шешімімен келіспейді

  • «Хан Шатыр» бассейнінде батып өлген оқушының әкесі сот шешімімен келіспейді

    «Хан Шатыр» бассейнінде батып өлген оқушының әкесі сот шешімімен келіспейді

Елордада сауда ойын-сауық орталығында бассейнге батып кеткен баланың ісіне қатысты жаңа ақпарат шықты. Өткен жылы орын алған қайғылы оқиғаға тек ойын-сауық орталығының әкімшілігі жауапты болып отыр. Сот мектеп қызметкерлерін жауапкершіліктен босатты. Бұл туралы «Астана» телеарнасына сілтеме жасап sputnik.kz хабарлайды.

Сот шешімімен келіспеген ата-ана педагогтардың заңды бұзғанын дәлелдейтін айғақтары бар екенін алға тартады.

Бірінші сынып оқушысының әкесі оқиғадан бір жылдан астам уақыт өтсе де әлі есін жия алмағанын айтты. Ер адам қызына сол жердегі мұғалімдер, еріктілер мен құтқарушылардың қарап жүрмегеніне сенімді. Ал оқушының өзі бассейнде сіңілісімен берге болған.

Сол оқиғадан кейін бірден екі қылмыстық іс қозғалды. Бірі &ndash мектепке, ал екіншісі &ndash сауда орталығының әкімшілігіне қатысты. Кейін екеуі біріктірілді. 10 айдан соң мектеп жауапкершіліктен босатылып отыр.

Сот педагогтарды «балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау салдарынан абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан іс-әрекет» (қылмыстық кодекстің 141-бап, 2-бөлігі) бабы бойынша кінәсіз деп таныды.

Соттың бұл шешімімен қыздың әкесі келіспей отыр. Оның айтуынша, қайғылы жағдай болмай тұрып білім басқармасында мектеп жанындағы лагерьлерге су қоймаларына баруға тыйым салынғаны айтылған бұйрық шаққан.

«Ол жерге балаларды апаруға құқы жоқ екенін біле тұра, бұйрықты ескермей, сол жерге апарған. Тиісті органдар осыған назар аударуы керек. Жоқ, барлығы мектептің кінәсі жоқ деп санайды», &ndash дейді қайтыс болған қыздың әкесі Ермек Қабылов.
Бүгінде әділдік іздеген ата-ана білім министрлігінің табалдырығын тоздырып келеді. Алайда ол нәтиже бермеді. Енді қайтыс болған қыздың әкесі сот шешіміне шағымданбақ. Осылайша мектептің де жауапкершілікке тартылғанын қалайды. Қоғам белсенділері де мұғалімдер тарапынан ағаттық кеткеніне сенімді.

«Біз баланы мектепке жіберсек, оны қандай да бір адамға сеніп тапсырамыз. Ең алдымен мектеп басшылығына тапсырамыз. Ал бұл жерде барлығы жауапкершіліктен қашып отыр. Осыдан кейін баланы мектепке қалай жібереміз? Балабақшаға қалай береміз? Сеніп тапсырамыз ғой. Бұл мемлекеттік құрылым, жеке тұлға емес. Сондықтан осының басын ашып алу керек. Ақиқатын анықтау қажет», &ndash дейді НеМолчи.kz қорының жетекшісі Дина Смаилова.
Ал қыз оқыған мектеп директоры жағдайға байланысты түсініктеме беруден бас тартты.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 2019 жылы 3 маусымда болған. «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында ұзындығы 25 метр бассейнде 200-ге тарта бала суға түсіп жатқан. Оқушылардың жанында мектеп тәлімгерлері, ата-аналар болған. Бассейн айналасында үш құтқарушы жұмыс істеген. Алайда тереңдігі бір жарым метр бассейнге 9 жастағы баланың батып бара жатқанын ешкім байқамаған.




Көрілген: 326    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.10.2020, 12:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30