Ел жаңалықтары

Хромтау шахтасындағы жарылыс: Кімнің кінәлі екені белгілі болды

  • Хромтау шахтасындағы жарылыс: Кімнің кінәлі екені белгілі болды

    Хромтау шахтасындағы жарылыс: Кімнің кінәлі екені белгілі болды

Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы шахта жарылысында болған кісі өліміне жұмыс беруші кінәлі болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғаны тергеп-тексерген еңбек инспекциясы осындай қорытынды жасады. Қайғылы жағдайдың екі себебі анықталып отыр. Шахтада жарылыс жұмыстары дұрыс ұйымдастырылмаған және еңбек қауіпсіздігі ережелері өрескел бұзылған.

 
Құжаттар полиция департаментіне жолданды.  

"Жер астында жұмыс жүргізіп жатқанда жарылыстар алдында дабыл соғады. Сол дабылдың дауысы әлсіз болған. Бәріне бірдей жете бермеген. Зардап шеккен адамдардан сұрағанымызда олар дабыл дауысын дұрыс естіген жоқпыз дейді. Оның ішінде адамдар бар екеніне, жұмыс істеп жатқанын көз жеткізбей, анықтамай, жарылыстар жүргізілген", - дейді Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Талғат Искарин.  

Естеріңізге сала кетейік, төтенше оқиға 16 тамызда сағат 11:45-те Қазақстан тәуелсізігінің 10 жылдығы атындағы шахтада өткізу жұмыстары кезінде болған.

"Жарылыс толқыны екі жұмысшыны шарпыды. Маркшейдер қызметіндегі әйел қаза болды, бір жұмысшы жарақат алды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ол Хромтау қаласының аудандық ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады кәсіпорындағылар.

Жарылыстан маркшейдер қызметіндегі жұмысшы әйел қаза болды. Бір қызметкер жарақат алып, кейін көз жұмды.




Көрілген: 457    Пікірлер: 0

сенбі, 25.09.2021, 11:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31