Ел жаңалықтары

Илья Ильин қос азаматтығы бар шенеунікті қолдап отыр

  • Илья Ильин қос азаматтығы бар шенеунікті қолдап отыр

    Илья Ильин қос азаматтығы бар шенеунікті қолдап отыр

Бұған дейін Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарған Олег Почивалов деген адамнан қос азаматтық анықталған болатын. Экс-шенеунік Қазақстаннан бөлек Ресей Федерациясының да азаматы болған, деп жазады Abai.kz.

Мұндай ақпарат әлеуметтік желіде өткен жылдың желтоқсан айында пайда болған. Ал биыл ақпан айының басында О.Почиваловтың Ресей Федерациясы азаматты екені ресталғаны хабарланды. Шымкент қаласы Полиция департаменті оны Қазақстан Республикасы азаматтығынан айыру мәселесін қарастырып жатқан.

Кейін шымкенттік шенеунік өзінде қос елдің азаматтығы бар деп ақпарат таратқан полицияның хабарламасы жалған екенін мәлімдеп, полицияның әрекетін заңсыз деп тану үшін сотқа талап арыз түсірген.

Бірақ сот басқарма басшысының Ресей азаматы екені толық дәлелін тапқанын жариялап, оның талап арызын қанағаттандырусыз қалдырды.

«Почиваловқа қатысты азаматтық істі қарау барысында оның Ресей Федерациясының азаматтығын алғаны толық өз дәлелін тапты. Бұл ҰҚК-нің Шымкент қаласы бойынша департаментінің және де Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігінің жауаптарымен дәлелденді. Сол себепті қалалық полиция департаментінің әрекеті заңды деп сотпен шешім қабылданды. Сот шешімі бір айдан соң ғана күшіне енеді», - деді судья Нұрғали Исмаилов.

Судья тіпті шенеунік Почиваловтың Ресей Федерациясының азаматтығын 2005 жылы алғанын да айтты.

Сөйтіп, Шымкенттік шенеуніктің Ресей азаматы екені дәлелденген болатын. Бірақ сот шығарған шешімге сенбей, әлі де қос азаматтық пайдаланған шендіні ақтап жатқандар бар. Олардың арасында бір кездегі даңқты ауыр атлет Илья Ильин де бар.

Илья Ильиннің ойынша, Почивалов Қазақстан үшін таптырмайтын маман. Сол үшін оны елімізде алып қалуымыз керек екен.

«Мен Олег Почиваловты құрметтеймін. Менің пікірім &ndash егер бұл адам қос азаматтыққа жабысып қалған болса, онда ол қазірге дейін Қазақстанда қалып жұмыс істемей, баяғыда-ақ, сол елге кетіп қалар еді.

Спорттағы жақсы кадрларды (мамандарды) өз елімізде алып қалуымыз керек. Меніңше, ондай мамандар бізде онсыз да көп емес. ЕГЕР, Ресей азаматтығы болмай шықса, онла Олег Почиваловқа сол өңірдегі спортты дамыту үшін жұмыс жасауына қайта мүмкіндік берілуі керек», - деп жазыпты Ильин Instagram парақшасында.

Ол сонымен қатар, «Олег Почивалов берілмейді», - деп заң бұзған шендіге ашық қолдау білдіріп отыр.




Көрілген: 292    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.02.2021, 00:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30