Иманбекті отандық және шетелдік жұлдыздар қалай құттықтап жатыр

16 наурыз 2021, 11:55

Шетелдік, ресейлік және қазақстандық орындаушылар диджейді жеңісімен құттықтап жатыр, олардың ішінде Дэвид Гетта мен Стив Аоки де бар
Шетелдік және отандық жұлдыздар Grammy-дегі жеңісінен кейін әп-сәтте жұлдызға айналған диджей Иманбекті құттықтап жатыр.

Иманбекті әншілер, музыкалық продюсерлер, музыканттар мен блогерлер құттықтады.

Француз диджейі және продюсері Дэвид Гетта Иманбектің АҚШ-тың дыбыс жазу Академиясының сыйлығын алғаннан кейінгі жазбасына пікір қалдырды. Әнші "Әбден лайықты" деп атап өткен.

Құттықтауларға нидерланд диджейі Дон Пепин Шиппер (Don Diablo), америкалық диджей және музыкалық продюсер Стив Аоки (@steveaoki), ThankYouX лақап атымен танымал америкалық суретші және АҚШ диджейі Morgan Page және Feb қосылды.

"Imanbek-тің Roses ремиксі Grammy сыйлығын жеңіп алды. Құттықтаймын!" - деп жазды Нью-Йоркте тұратын гаитиялық диджей Микаэль Брюн өзінің Twitter парақшасында.

"МУЗ-ТВ" ресейлік музыкалық сыйлығының продюсері Арман Дәулетияров "Шын жүректен құттықтаймын, бұл керемет! Жарайсың! Қазақстандағы тұңғыш Грэмми!" деп жазды.

Иманбекті сондай-ақ ресейлік әнші Элджей, қазақстандық әртіс Әсел Сәдуақасова, жас әнші әрі "Голос. Дети" конкурсының жүлдегері Ержан Максим, блогер, кәсіпкер Бейбіт Әлібеков, украиналық әнші және продюсер Потап құттықтады. Диджей парақшасындағы құттықтаулар саны сағат сайын артып келеді.

Естеріңізге салсақ, Ақсу қаласының 20 жастағы тұрғыны Иманбек Зейкеновті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтаған болатын. Президент жас қазақстандық музыкантқа беделді Grammy сыйлығының табыс етілуі туралы жаңалықты зор қуанышпен қабыл алды.