Ел жаңалықтары

Интернет-алаяқтар Қарағанды ​​қаласының тұрғынының атына 12 онлайн-несие рәсімдеген

  • Интернет-алаяқтар Қарағанды ​​қаласының тұрғынының атына 12 онлайн-несие рәсімдеген

    Интернет-алаяқтар Қарағанды ​​қаласының тұрғынының атына 12 онлайн-несие рәсімдеген

Интернет-алаяқтар Қарағанды ​​қаласының тұрғыны Антонина Надежкинаның атына бір жылға жуық уақыт ішінде 12 онлайн-несие рәсімдеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Антонина Надежкинаның өзі ұара тізімге қалай кіріп кеткенін білмейді. Ол осы уақытқа дейін берешек уақытын кешіктірмей төлеп келген. Бірақ, былтыр оған алғаш рет микрокредиттік ұйымнан хабарласып, несие мерзімін кешіктіргенін айтып хабарласқан. Осыдан кейін қоңыраулар жиі келетін болған, қазір тіпті коллекторлар хабарлады. Қазір әйелдің атында 12 онлайн кредит бар. Оның үшеуі соңғы аптада алынған.

 
"Бұл сұмдық қой. Денсаулығым да керемет емес, дәрілер сатып алу керек. Ал енді мына мәселені шешу үшін менің қанша ақша жұмсап жатқаныымды білсеңіздер ғой. Мұндай жағдайға тап болған мен ғана ма, олай болуы мүмкін емес. Телевизордан, басқа жерден көретін едім, адамдар шынымен қақпанға түсіп, пәтерлерінен айырылып, қаңғыбас болып кететінін", - дейді Антонина Надежкина.

Несиелерді әртүрлі микрокредиттік ұйымдар берген. Қарыздың жалпы сома 740 мың теңге, жылдық пайызын есептегенде миллионнан асады. 

Әйелдің айтуынша, оның өмірі сотқа арыз жазумен өтіп жатыр. Антонина несиелердің ЖСН нөмірі бойынша берілгенін анықтады. Ол полицияға шағымданды, қылмыстық іс қозғалды.

Адвокаттың айтуынша, қазір мұндай жағдайға екінің бірі тап болуы мүмкін. 

"Бәрін анықтау керек, қайда, кімнен, қанша алынды. Аталған келісім-шарт дұрыс еместігі туралы азаматтық тәртіп бойынша сотқа жүгіну керек", - деді Илья Махлов.

Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары алаяқтардың құрбаны болғандар саны күрт өскен. Жәбірленушілердің арасында құжаттарын жоғалтқандар мен белгісіз сілтемеге өтіп, жеке мәліметтерін берген азаматтар бар. 

"Уақытылы шара қолдану үшін кредиттік тарихыңызды үнемі бақылап отыруды, кредиттік бюроға жүгінуді ұсынамыз", - деді қаржылық реттеу агенттігі өңірлік өкілдер басқармасының бастығы Анна Ридель.

Бұл әрекеттерден микроқаржылық ұйымдар да зардап шегеді. Себебі, олар қарыз сомасын өздері төлеуіне тура келеді.

"Агенттікке клиентке несие бермей тұрып тексеруді қатаңдатуды ұсындық, ол хабарласу, суретін, жеке куәлігін бекіту түрінде", - деді Қазақстанның микрокаржылық ұйымдары қауымдастығының директоры Ербол Омарханов.

Кейбір жәбірленушілер кредиттік тарихы бұзылмауы үшін өзге біреудің алған несиесін төлеп жатыр. Мамандар олай жасамауға кеңес береді, себебі ақша төлей отырып, адам қарыз алғанын растайды. Сондай-ақ, жеке деректерге мұқият болып, оларды таратпау ұсынылады.




Көрілген: 441    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.10.2020, 12:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30