Ел жаңалықтары

"Интернет-трейдинг арқылы баюға болады, бірақ жолдарын білу керек": Ғаламтордағы жарнамалар қаншалықты шындыққа жанасады

  • "Интернет-трейдинг арқылы баюға болады, бірақ жолдарын білу керек": Ғаламтордағы жарнамалар қаншалықты шындыққа жанасады

Әлеуметтік желіде интернет-трейдинг туралы жарнамаларды кездестірмеген адам кемде кем. Жарнама сілтемесін түртіп жіберсеңіз, онда қысқа уақыт ішінде (әдетте жарты немесе бір жыл) байып, бүкіл әлем мемлекеттерін шарлап шыққан жастардың қызықты хикаяларына кезігесіз. Біреулер мұндай жазбаларға мән бермей өтіп кетсе, басқалары бағын сынап көреді. Сонымен интернет-трейдинг деген не? Мұнда расымен ақша табуға болады ма? Интернеттегі жарнамаларға сенуге болады ма? Бұл туралы Stan.kz тілшісінің материалынан оқи аласыздар.

Интернет-трейдинг ыңғайлығы мен тиімділігінің арқасында өзіне назар аудартуда. Себебі бүгінгі күні көптеген адам үйде жатып-ақ ақша тапқылары келетіні өтірік емес. Бұған қоса пандемия уақытында жұмыстарынан айырылып қалғандар тағы бар. Осылайша оңай ақша тапқысы келетіндер жарнамаларды көріп қызығып жатады. Алайда бұл кәсіпті кез-келген адам игере алмайды, дейді сарапшылар. Тіпті кейбіреулерінің жолы болмай, сан соғып қалатын кездері де жиі болады екен. 

 
Интернет-трейдинг дегеніміз не? 

Интернет-трейдинг - интернет арқылы инвесторлардың құнды қағаздар мен валюта арқылы мәміле жасау мүмкіндігіне ие болуы. 

Ең алғаш интернет-трейдинг ұғымын 1971 жылы Nasdaq америкалық биржа қолданған. Бұл уақытқа дейін биржалық саудада транзакциялардың барлығы брокер мен сатып алушы арқылы тікелей немесе телефон арқылы жүргізілген. Ал қазіргі таңда брокерлік  ұйымдардың барлығы дерлік мәміле жасау үшін осы интернет-трейдинг жүйесін қолданады.  

Автоматтандырылған сауда нарығының дамуы клиенттермен жұмыс жасау үрдісін айтарлықтай жеңілдетті.  Осыған байланысты жаңа дискаунт-брокер деп аталатын мекемелер мен интернет-трейдер мамандығы пайда болды. 

Тәжірибелі трейдерлер қазіргі таңда бұл саланы негізгі кіріс көзі еткен. Десек те қазіргі таңда байлыққа аз уақытта қол жеткізгісі келетін қарапайым халықты алдағысы келетіндердің  де саны артқан. 

Мәселен, танымал Вконтакте желісінде "тез байып кетудің жолын айтып беремін, тек менің тобыма қосылсаң болғаны" деген жарнама-жазбалардың қарасы көп. Біреулер бұған күдікпен қараса, ақшаны оңай жолмен табуды көздейтіндер мұндай жазбаларды оқып, әлеуметтік желідегі топқа тіркеліп жатады. Ал расымен де, интернеттегі "оқытушылардың" дәрісін алып,  трейдер атану мүмкін бе? Біз бұл туралы қаржы сарапшыларынан сұрастырған едік. 

Қаржы сарапшысы, Tickmill халықаралық брокерлік тобының маманы Арман Бейсембаев бүгінгі күні интернет-трейдингпен айналысатын қазақстандықтардың саны көбеюде дейді. Сөзінше, бұл отандастарымыздың жаңа салаға деген бетбұрысын көрсетеді. Десек те қаржы маманы интернет-трейдинг арқылы кез-келген адам бірден ақша тауып кете алмайтынын алға тартады.

Интернет-трейдингте жетістікке жету сіздің өзіңізге байланысты

"Интернет-трейдинг қаржы көзі бола алады, оған күмән жоқ. Дегенмен көп жағдайда бұл кәсіппен айналысу сіздің қабілеттеріңіз бен мінезіңізге тікелей байланысты. Мәселен, егер сіз эмоцияға берілгіш, қызба мінезді және ойынқұмар адам болсаңыз, сізге бірінші кезекте, өзіңіздің мінезіңізді түзетуіңіз қажет. Себебі интернет-трейдинг дегеніміз қатаң тәртіп, белгілі бір ережелерді сақтау, өз капиталыңызды бақылау, тәуекелдерді бағдарлау. Сондықтан бұл салада құмарлыққа салынып немесе эмоцияға беріліп, сауда жасауға мүлдем болмайды. Бұған қоса сізде бір қалыпқа келтірілген сауда жүйесі болған жөн. Интернет-трейдингте сіздің жолыңыз бір рет болуы мүмкін, екінші рет болуы мүмкін, бірақ одан кейін сіздің айыңыз оңынан туатынына ешкім кепілдік бермейді", - дейді Арман Бейсембаев. 

Дей тұрғанмен қаржы маманы интернет-трейдинг қыр-сырын меңгеруге болатын мамандық дейді. Бұған қоса ол бұл жүйені қосымша табыс көзі ретінде қабылдау қажет екенін алға тартады. 

Интернет-трейдинг қайырымдылық емес

"Егер сіз жоғарыда айтылған дүниені ескерсеңіз, әрине, интернет-трейдинг арқылы пайдаға кенеле аласыз. Бірақ соның өзінде мен қаржы сарапшысы ретінде негізгі жұмысыңызды қалдырмау керек деп айтар едім. Өйткені, тұрақты табыс көзі қашан да болуы шарт. Әрбір адам интернет-трейдингпен айналысуды үйрене алады. Қазір интернетте бұл тақырыпта мақалалар да, арнайы курстар мен бағдарламалар да көп. Алайда ол бұл істі алға қарай домалатып әкете алады ма? Интернет-трейдинг бұл қайырымдылық шарасы емес. Мұнда "ақша салып қоямын, үстінен табыс өздігінен келіп тұрады" деп ойлау қате", - деп атап өтті сарапшы. 

Айтуынша, интернет-трейдингте қаржы сомасының ауқымдылығы жоғары рөл ойнайтын көреді. Яғни, сіз қомақты соманы трейдингке арнасаңыз, одан келетін пайданың мөлшері де көп болады. 

Интернет-трейдингпен ұзақ мерзім бойы айналысқандар басқаларынан қарағанда табыстырақ

"Интернет-трейдингте расымен қысқа уақытта, тіпті бір күнде үлкен соманы иеленуге болады. Бірақ олар бұл жетістіктерін қайталай алады ма? Интернет-трейдингпен айналысудың бірнеше әдіс-тәсілі бар. Мысалы, трейдерлердің бірі қысқамерзімді сауда жасауы мүмкін. Олар бір күнде қаржы бағамына қарап, сауда жасайды да, келісімдерін жабады. Және бұны күн сайын қайталай алады. Ортамерзімді келісімдермен айналысатын трейдерлер бір айда кем дегенде 5-10 мәміле жасайды. Ал ұзақмерзімді трейдерлердің келісімі бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін. Әдетте дәл осы ұзақмерзімді трейдингпен айналысатындар алдыңғыларына қарағанда әлдеқайда табысты болады деп айтсақ қателеспейміз," - дейді қаржы маманы. 

Арман Бейсембаев қазіргі таңда саны бар, сапасы жоқ әлеуметтік желідегі "жетістікке жеткен трейдерлер" жайлы да сөз етті. Сарапшының пікірінше, олардың жолы болып, расымен қысқа уақытта байлыққа кенелуі мүмкін. Дегенмен бұл олардың алдағы уақытта жетістікке жетеді дегенді білдірмейді. 

"Айтып өткенімдей, әлеуметтік желіде жарнамаларда көбіне қысқамерзімді трейдерлер шығып жатады. Атап өткенімдей, олар бір рет шартты түрде, миллион теңге тапты делік. Дегенмен келесі жолы бұл жағдай қайталанбауы мүмкін. Содан кейін мұндай жарнамаға шығатындардың мақсаты көбіне белгілі бір бағдарламаны немесе ұйымды таныту. Өз басым олардың әдіс-тәсілдерін үйрену арқылы табысты трейдер болуға болады дегенге сенбеймін. Егер трейдингке көңіл бөліп, трейдер болуды ойластырып жүрсеңіз, сенімді ұйымдардың курстарына қатысқан әлдеқайда тиімдірек", - деп аяқтады сөзін Арман Бейсембаев. 

 




Көрілген: 435    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.10.2020, 16:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 20:40
    Егін – 2020

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31